бір-бірімен буын және бұлшық ет арқылы байланысады. Егер адамдарда бұлшық ет болмаса, арықтайтынын, тері мен сүйек қана қалады. Бұндай адам жүре де,жүгіре де, тұра да, отыра да алмайды, өйткені барлық қозғалысты буын және бұлшық еттің көмегімен орындайды. Адамдардың арасында жұмысты ұзақ істейтін мықты адамдар бар. Бұл адамдардың бұлшық еттері жақсы жетілген. Оларды төзімді дейді. Спорттың барлық түрінде күш пен шыдамдылықты өте жоғары бағалайды. Спортшылардың бұлшық еттері бөлініп (айқындалып) тұрады.
Балаларға қолдарын бүгіп ,бұлшық еттерін ұстауды ұсыну. Сабақтан бос уақытта білек күшін сынастырып, жарыс ұйымдастыруға болады. Күшті әрі жылдам болу үшін бұлшық етті шынықтыратын әр түрлі жаттығулар жасау қажет.
Дәрігер Салауаттың кеңестері:
Күнде таңертең жаттығу жасау және тазалық сақтау.
Бұлшық еттің мықты, шыдамды болсын десең күнделікті шынықтыр.
Бұлшық етке салмақты біртіндеп түсір.
Ата-анаңа үйде, бақта көмектесуің - бұлшық етті шынықтырар ең үлкен жаттығу. Бір шелек су әкелсең, күш қосылады, дүкенге нанға жүгіріп барсаң-жылдамдығың дамиды.
Барлық жаттығулар бұлшық етті дамытып, нығайтады.
Дене бітіміңді сымбатты еткің келсе, жалпақтабанды түзетуді ойласаң, жаттығу жаса.
Қорытынды Күшті, қайратты, жігерлі, мықты болу ұшін дене тәрбиесімен шұғылдан.
Вариативтік компонент
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мектепалды даярлық тобы
Сабақ 8
Күні: Тәрбиеші:
Сабақ тақырыбы "Созылу мен сынық"
Мақсаты: Жеке бас тазалығын сақтау ережелерін үйрету; Балаларды дұрыс қозғалуға, бұлшық еттерін, буындарын созылудан, сынудан, шығарып алудан сақтауға үйрету. Бұлшық еттерін, сүйектерін қатайту, іскерлік білімд
Страницы: << < 12 | 13 | 14 | 15 | 16 > >>