рмен бой теңестіре бастадық.
Біздің экономикалық жетістіктеріміз бен саяси реформаларымызды шетел сарапшылары да жоғары бағалауда.
Ендеше Қазақстан-2030 Стратегиясының 10 жылдығы біз үшін шын мәнінде тарихи кезең болып табылмақ.
Иә, Елбасы сөзінде айтылған осы табыстар қазіргі күні Қазақстанның беделі мен абыройын әлем халқының алдында көтере түсуде. Бұған қосып айтарымыз қазір Қазақстан ТМД кеңістігіндегі ең бай елдердің бірі. Басқа елдермен салыстырғанда бізде жалақы мен зейнетақы жоғары. Қазір Қазақстан азаматының бір айлық жалақысы көршілес кейбір елдер азаматтарының 10 айлық жалақысына тең. Қазақстанның жастары мемлекет қаржысымен дамыған елдерде жоғары білім алуда. Оның үстіне Қазақстан Республикасының азаматы деген мәртебенің өзі адамға көптеген артық мүмкіншіліктер береді. Осындай мәртебеге ие азаматтар тегін орта білім ала алады. Білім қабілетіне байланысты еліміздегі жоғары оқу орнында және шетелдерде тегін оқи алады. Астана мен Алматы секілді тұрғын үй бағалары қымбат қалалардан мемлекеттік бағдарлама бойынша арзан үй ала алады. Арзан несиелер алу мүмкіндігі бар. Қысқасы, Қазақстан Республикасының азаматы деген мәртебенің өзі бәсекеге қабілетті адам үшін үлкен мүмкіндік пен байлық көзі.
Оның үстіне 16 миллион халқы бар Қазақстанның жылдық ішкі жалпы өнімі 40 миллионнан астам халқы бар Орталық Азияның басқа мемлекеттерінің жиынтық табысынан асып түсіп, 50 миллионнан астам халқы бар Украинаның табысымен теңесті.
Қазір дүние жүзін кернеп алған дағдарыс жағдайында өзін өзі қаржыландыруға қол жеткізіп, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатқан, жаңа жұмыс орындарын ашып жатқан мемлекеттер тым сирек. 200-ге тарта елдің арасынан оларды саусақпен санауға болады. Соның бірі – біздің Қазақстан. Шет мемлекеттерден қандастарын шақырып, ба
Страницы: << < 128 | 129 | 130 | 131 | 132 > >>