арды жалғастыру жөнінде белсене жұмыс істеуде.
. . . Уақыт өз дегенін істеді. Қазақстан-2030 Стратегиясындағы болжамдар ақиқатқа айнала бастады. Мұны енді қазақстандықтар ғана емес, басқа елдер де көріп отыр. Өйткені біз басқа жетістіктерімізді былай қойғанда, айналамыздағы халықтардың бәріне сыйлы болып шықтық. Біз Еуропа төріне дейін көтерілдік.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-2030 Стратегиясының 10 жылдығына арналған конференцияда сөйлеген сөзінде былай деген болатын: Өткен күнде белгі жоқ дейді қазақ. Көрген бейнет, төккен тер тарихқа енгеннен кейін ұмытыла бастайды. Өйткені, бейнеттен кейін – зейнет, адамның жақсылыққа тез үйреніп, тез бауыр басатыны белгілі15.
Алайда, зер салып қарайтын болсақ, бүгінгі қол жеткен табыстардың өзінен өзі келмегеніне, ол үшін қыруар еңбек, жігер-қайрат, тынымсыз ізденіс, нартәуекел қажет болғанына көз жеткізер едік. Кеңестер одағынан бізге қалған мұра – күйзелген шаруашылық, күйреген экономика, тоқтаған өндіріс, тоқыраған ғылым, қысқасы, барлық салада дағдарыс болғанын өздеріңіз де жақсы білесіздер. Дағдарыстан шығу қашанда оңай шаруа болған емес. Экономиканы мүлде басқа жүйеге ауыстыру, нарық заңдылығын игеру, кадр мәселелерін шешу, ескі дағды, ескіше ойлаудан арылу біз үшін оңайға түсті деп айта алмаймыз. Көп ойландық, көп іздендік, шетелден консультанттар шақырдық. Қалайда аз уақыттың ішінде тығырықтан шығу қажет болды. Мінеки, осындай ұлы мақсат, қауырт қажеттіліктен барып Қазақстан-2030 Стратегиясы дүниеге келді.
Одан бері он жыл өтті. Он жылда өзге елдер бірнеше он жылда жетпеген биіктерге қол жеткіздік. Стратегия бізге жарқын жеңістер мен тамаша табыстар әкелді. Қазақстан тәуелсіздік тарихын қатар бастаған өзге ТМД елдерінің алдына шықты. Әлемдік деңгейдегі өркениетті елде
Страницы: << < 127 | 128 | 129 | 130 | 131 > >>