Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  130 | 131 | 132 | 133 | 134  >  >>

сжылдық жоспарлар мен онжылдық бағдарлама осы басты құжатқа бағындырылады. Бұл дегеніңіз біздің алдымызда алысты көздеген айқын мақсат бар деген сөз.
3. 2 Қазақстан әлемнің дамыған және бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу жолында

Президент Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты халыққа Жолдауында (2006 жыл) республиканың дүние жүзінің неғұрлым дамыған және бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіруі стратегиясын ұсынды. Бұл жөнінде пікірсайысқа қатысушылардың көбісі әлеуметтік-экономикалық дамыған және бәсекеге қабілетті ел деген ұғымдарды ұқсас ұғымдар, сонымен бірге олардың әркайсысы дербес экономикалық категория әрі олардың бағалаулары мен индекстері әр түрлі деген анықтама береді.
Президент стратегиялық бағдарламада (2006) дербес екі міндетті: таяудағы 10 жылда, біріншіден, әлеуметтік дамыған 50 елдің қатарына кіру және, екіншіден, дүние жүзінің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру міндеттерін қойды3.
Әлеуметтік-экономикалық дамыған және бәсекеге кабілетті елдердің орнын анықтау үшін түрлі бағалаулар мен индекстер пайдаланылады. Алғашқының өлшемдері ЖІӨ көрсеткіштеріне негізделеді. Бұл елдердің жыл сайынғы рейтингін статистикалык деректер негізінде халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ХВҚ, ХДЖБ т. б. ) айқындайды. Бұл орайда 180 ел зерттеу объектілері болып табылады, олардың ішінде 40-тан астам ел жаңа әлеуметтік дамыған елге жатады. Елді халықтың жан басына шағып есептегендегі ЖІӨ көрсеткіштері бойынша бағалау дұрыс па? Әдетте оның 75—80-ын бүкіл халықтың тұрмыс деңгейін сипаттайтын материалдық игіліктер құрайды: оған алуан түрлі тұтыну тауарлары ғана емес, сонымен бірге денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік құрылысқа салынған инвестиция жатады. Сондықтан ол елдің жалпы жай-күйін

Страницы: <<  <  130 | 131 | 132 | 133 | 134  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: