Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  126 | 127 | 128 | 129 | 130  >  >>

ы. Жылдың аяғына дейін бұрынғы жылдары телефон орнатуға өтініш берген қалған адамдардың сұранысы қанағаттандырылады.
Осы жылдың аяғына қарай Қазақстанда интернет желісін пайдаланушылар саны 1 млн. 800 мың адамды құрайды. 2010 жылға қарай интернетті пайдаланушылар саны 3,5 миллионға дейін ұлғаяды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қазіргі кезде республика мектептерінің 95-ы интернет қызметіне қол жеткізіп отыр. 2008 жылдың 1 қыркүйегіне қарай елдің 2000 мектебінің кең арналы қолжетімділігі болады. Бұл оқытудың интерактивті әдістерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді.
Жетінші басымдық: Кәсіби үкіметті қалыптастыруды іске асыру. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру біздің ұзақ мерзімді басымдықтарымыздың бірі болып қалып отыр.
Бұл стратегиялық міндетті іске асыру мақсатында өткен ғасырдың 90-шы жылдарының аяғынан бастап Қазақстан терең әкімшілік реформаларды жүргізуге кірісті.
Осынау жылдары Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік құрылып, "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Әкімшілік ресімдер туралы" заңдар, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі қабылданды.
Мемлекеттік қызметке қабылдаудың конкурстық жүйесі енгізілді. Мемлекетке тән емес функциялардың бір бөлігі бәсекелестік ортаға берілді. Жуырдағы конституциялық өзгерістерге сәйкес жергілікті орындардағы билік күшейтілді, мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктеріне ие болды.
Халықаралық ұйымдар мен сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстан мемлекеттік қызметті реформалау саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, өзінің заңнамасы мен ресімдерін халықаралық стандарттарға жақындатты.
Бірақ та бұл салада әлі көп іс атқаруымыз керек. Сондықтан да Үкімет әкімшілік реформал

Страницы: <<  <  126 | 127 | 128 | 129 | 130  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: