Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  129 | 130 | 131 | 132 | 133  >  >>

сына үй тігіп, алдындағы шаруасын қамдап жатқан үш елдің бірі де біздің Қазақстан.
Міне, осының бәріне біз Қазақстан-2030 Стратегиясының бірінші онжылдығының өзінде қол жеткіздік. Ал алдымыздағы онжылдық қалай болмақ?
Біздің білетініміз, бұл он жыл Қазақстан үшін жаңа бір белес болмақ. Алдымыздан жаңа бір көкжиек бой көтермек. Осы мәселе жөнінде ел басшылығы қамсыз емес. Үкімет Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын әзірледі. Бұл бағдарлама Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуын негіз етіп алмақ. Біз осыған дейінгі онжылдықта елдің шикізат байлығын, табиғи ресурстарын қалай іске қосамыз, қалай өткіземіз деген мәселені ойластырып келсек, ендігі міндет сол шикізатты қалай өңдейміз, бір өнімнен бірнеше өнімді қалай туындатамыз деген сұраққа қарай ойыспақ. Осы үшін елімізде ірі инвестициялық жобалар жасалынды. Жаңа инфрақұрылымдар іске қосылуда. Былайша айтқанда, етек-жеңді жинадық. Ел болдық, ел екенімізді басқа халықтарға таныттық. Енді дамудың жаңа кезеңіне, атап айтқанда, сапалы даму кезеңіне қадам баспақпыз. Міне, осынысымен де өткен онжылдықпен салыстырғанда бұл онжылдық күрделі бола түспек53.
Сөйтіп, ел алдына жаңа бесжылдық жоспарын жүзеге асыру міндеті қойылды. Бесжылдық жоспарлар біздің халқымыз үшін тым бейтаныс емес. Кеңес одағы кезінде солқылдата соғылсын бесжылдықтың балғасы деп ұрандатып та жататынбыз. Бірақ бұл ән кешегіден басқарақ дегендей, ол бесжылдықтар мен бұл бесжылдықтың арасында үлкен айырма да бар. Біз бұл бесжылдықты жеке тәуелсіз ел ретінде нарық жағдайында жүзеге асырмақпыз. Оның үстіне біздің түпкілікті мақсатымыз бесжылдық жоспарды жүзеге асырумен ғана шектелмейді. Біздің негізгі мақсатымыз – 1997 жылы Елбасы жария еткен Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының межелеріне қол жеткізу. Алдымыздағы бе

Страницы: <<  <  129 | 130 | 131 | 132 | 133  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: