Тәуелсіздік тұғырым

Страницы: <<  <  125 | 126 | 127 | 128 | 129  >  >>

ірейін. 1997-2006 жылдары республикалық бюджет қаражатынан 280 миллиард теңгеден астам қаржы игерілді, осының есебінен 4 мың шақырым шамасында автожолдар салынып, қайта жөнделді, 13 мың шақырымнан астам автожол күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Алға қойылған міндеттерді одан әрі іске асыру мақсатында 2006 жылы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы қабылданды. Оның аясында қаржыландырудың түрлі көздері есебінен 30 миллиард АҚШ доллары шамасындағы сомаға 80-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.
Біздің ұлан-байтақ аумағымыз үшін көліктің, оның үстіне транзиттік көліктің зор маңызы бар. Экономикамызды нақты дамыту Қазақстан қандай көлік жүйелеріне ие болатынына келіп тіреледі. 1600 шақырым шамасында жаңа және 2700 шақырым темір жол электрлендіріледі, 50 мың шақырым шамасында автожол салынып, қайта жөнделеді, әуежай инфрақұрылымын қайта жөндеу және жаңғырту, ұлттық теңіз-сауда флотын дамыту, теңіз порттары мен ішкі кеме жүру жолдарының инфрақұрылымын өркендету жөніндегі жұмыстар жүргізіледі.
Бұл Қазақстан аумағы арқылы өтетін трансконтиненталдық маршруттарды дамыту үшін серпін береді.
Осылайша, таяудағы болашақта Қазақстан Еуразияның ірі және заманауи жарақтандырылған тұрба құбыры, темір жол, автомобиль, теңіз және әуе көліктік "торабына" айналуы тиіс. Біз бұл жұмысқа кірістік және жыл сайын жаңа нысандар тұрғызылып жатқанын сіздер білесіздер.
Стратегияға сәйкес елде телекоммуникация саласын дамыту жөнінде кешенді жұмыстар жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың аяғына дейін 50 адамнан астам тұрғыны бар барлық ауылдық елді мекендерге телефон жүргізіледі. Қалған 50 адамнан аз халқы бар және жалпы тұрғындары 14 мың адам болатын 200-ге жуық елді мекен келесі жылы байланыс қызметіне қол жеткізе алад

Страницы: <<  <  125 | 126 | 127 | 128 | 129  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: