Тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарастардың дамуы

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

құпия сырларын білу үшін ағылшын философы Ф. Бэкон (1561 -- 1626 жж. ) міндетті түрде бақылау, эксперимент жасап зерттеуді ұсынды. Осы ұсынысы арқылы түрлі діни сенімдерге батыл қарсы шықты. Ғалымның эксперимент жасап алынған деректерді талдап салыстыру керек деген көзқарасы жаратылыстану ғылымының дамуына ерекше әсер етті. Аристотель мен Бэкон "Тіршілікті ешқандай құдіретті күш жаратқан жоқ, ол өздігінен өлі денеден пайда болды" деп, бұл пікірге қарсы шықты. Голландиялық жаратылыс зерттеуші Я. Б. Гельмонт өзінің еңбектерінде: "Тышқандар кір киімнен пайда болады" деп түсіндірсе, дәрігер Парацельс "адамды қолдан жасап шығарудың әдісін " ұсынған. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы дұрыс ғылыми тұжырым жасаған 1924 жылы орыс биохимигі А. И. Опарин және 1929 жылы Джон Холдейн. Опарин өз еңбегінде: "Тіршілік біздің ғаламшарымыздың миллиардтаған жылдар бұрығы жағдайларында өлі материядан абиогендік жолменпайда болған " деп жазды.

5-ТОП. Биогенез теориясы тірлік атаулылар тірі нәрседен шықты деп ұйғарды. Бұл ойдан шығарылған ұсыныстардың жалғандығын ашатын маңызды тәжірибелерді ең алғаш итальян ғалымы Франческо Реди 1668 жылы қойған болатын. Ол ыдыстарға ет (өлген жылан) салып, біраз ыдыстардың бетін ашық қалдырды, ал ыдыстардың басқа бөлігінің бетіне кисея (сирек кездесетін мата) жапты. Бірнеше күннен соң ашық ыдыстардағы етте шыбын дернәсілдері құжынап кетті де, беті жабық ыдыстарда олар пайда болған жоқ. Ф. Реди аузы ашық ыдыстарға ұшып келген шыбындар жұмыртқа салды деп дұрыс болжам айтты. Ф. Реди тәжірибе қорытындысын 1668 жылы жариялап, тірі организмдердің өлі материядан пайда болмайтынын, яғни сазбалшықтан бақа, ескі кір шүберектен тышқан түзілмейтіндігін дәлелдеді. Италиялық табиғат зерттеушісі Л. Спалланцани т

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: