іршіліктің өздігінен пайда болмайтынын 1765 жылы тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Ол ішінде қоректік сұйықтығы бар мойны ұзын шыны ыдыстарды ұзақ уақыт қайнатып, соңынан ауыздарын дәнекерлеп бекітіп қойған. Бірнеше аптадан соң қарағанда, ыдыстардың ішінде ешқандай тіршіліктің белгісі байқалмаған. Бірақ ыдыстардың мойындарын сындырып, аузын ашық қалдырғанда, 2- 3 тәуліктен кейін - ақ олардың іші түрлі микроорганизмдерге толы болған. 1775 жылы М. М. Тереховский ішінде сорпасы бар ыдысты қайнатып, оның аузын тығыз етіп жауып тастады. Онда ешқандай өзгеріс байқалмады, ал аузы ашық ыдыстағы сорпаның бірнеше тәуліктен соң ашып кеткендігі байқалды. Ол кезде микроазғалар жөніндегі ғылыми деректер мардымсыз болатын. Тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеу үшін 1860 жылы француз ғалымы, микробиолог Луи Пастер (1822 -- 1895 жж. ) арнайы тәжірибе жасады. Ол ұшы латынның S-әрпі тәрізді шыны түтікті қолданды. Л. Пастер шыны ішіндегі қоректік ортаны кайнатып, оны иір иінді түтікпен жалғастырды да, түтіктің ұшын ашық қалдырды. Түтік ішіне ауаның еркін кіруіне мүмкіндік жасалды. Микроорганизмдердің споралары шыны түтіктің иір иініне жиналып, қоректік ортаға түспегендіктен, шыны ішіндегі ерітінді ұзақ уақыт таза қалпында сақталды. Л. Пастер қарапайым ғана тәжірибесі арқылы ағза тек тірі ағзадан ғана пайда болады деген биогенездік теорияның дұрыстығына көз жеткізді. Ол "тіршілік өздігінен өліден пайда болады" деген көзқарастың негізсіз екендігін дәлелдеді.
Кластер қорғау
oo 1-топ. Креационизм
oo 2-топ. Стационарлық жағдай теориясы
oo 3-топ. Панспермия
oo 4-топ. Абиогенез
oo 5-топ. Биогенез
Бағдаршам арқылы топтар бір-бірін бағалайды.
IV. Бекіту Сұрақтар анимация арқылы шығады.
Креационизм теориясы нені дәлелдейді ?
Жа
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>