ельм Прейер ұсынды. Оның пікірі бойынша тіршіліктің пайда болуы деген сұрақты қоюдың қажеті жоқ. Өйткені тіршілік мәңгілік. Жер шарын қоршап жатқан қыртысты қабат алып тірі организмдердің жиынтығы, оның өзіне тәне зат алмасу процесі болады. Кейін бұл қыртысты қабат ұсақ бөлшектерге бөлініп тіршілік айналымына қатысады да, табиғаттың бейорганилық құрамын түзеді деп түсіндіреді. Осы теорияны орыс ғалымы В. И. Вернадский де қолдады. Ол: "тірі организмдер мен өлі табиғаттың арасында ешқандай айырмашылық жоқ" деп айтқан екен.
3-ТОП. Панспермия теориясы бойынша "метеориттер мен ғарыштық шаң - тозаңдар арқылы жерге басқа ғаламшарлық тірі организмдер келіп түседі" деген пікір айтылады. Осы теорияны 1865 жылы алғаш неміс ғалымы Ганс Рихтер ұсынған. Тіршілік мәңгі, ол ғарыш кеңістігінде кеңінен таралған. 1895 жылы швед ғалымы С. Аррениус панспермия тұжырымын колдады. "Ол тіршілік ғарыш кеңістігінде күн сәулелерінің қысымы арқылы бір аспан денелерінен екіншісіне ауысып отырады," -- деп түсіндірді. Бұл тұжырымды қолдаушылар тіршілік Жерге метеориттер арқылы келуі мүмкін деген пікірде болды. Неміс дәрігері Г. Рихтер және швед ғалымы С. Аррениус: "Жер бетінде басқа ғаламшардан өсімдіктің тозаңы, споралары, тіпті ұсақ организмдер де келіп түседі" деген болжам айтқан. Мұндай ойлар қазір де айтылып жатады. Өйткені жерге түскен метеориттердің сынықтарынан кейде органикалық заттар табылады. Бірақ әлі де жерден тыс басқа ғаламшарларда тіршіліктің бар екендігі жайлы нақты мәліметтер жоқ.
4-ТОП. Абиогенез теориясы тірі тіршілік иесінің өлі нәрседен пайда болуына мүмкіндік береді. Ежелгі грек философы Аристотель (б. з. д. IV ғ. ) бит -- еттен, қандала -- жануар шырынынан, шұбалшаң -- балшықтан пайда болады деген көзқарасты ұстанды. Тіршіліктің
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>