ды деп ойласыңдар? Жауаптарын мұғалім тақтаға жазады.
Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына -- ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар жатады. бұл айтылған алғышарттар тек Жер ғаламшарында ғана болғандығы ғылыми дәлелденген. Тіршіліктің пайда болуы, адам баласын өте ерте кездерден бастап- ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Ол жайында көптеген болжамдармен көзқарастар бар.
Мұғалім 5 топқа 5 мәтін таратады. Әр қайсы мәтінде Жерде тіршіліктің пайда болуы туралы теория туралы жазылған. Сол мәтінмен жұмыс істеп, постер қорғайды.
1-ТОП. Креационизм теориясы бойынша: "Тіршілікті белгілі бір уақыт аралығында ерекше құдіретті күш жаратты" делінеді. Креационизм (лат. creatio, creationis -- жарату) -- биологияда органикалық дүниенің көп түрлілігі, теологиялық және дүниетанымдық түсінік (өмір), органикалық өмірдің негізгі формалары, адамзат, Жер планетасы, сонымен қатар әлемнің өзі де, Құдай құдіретімен жасалды деп уағыздайтын көзқарас. Мұндай пікірлер Ежелгі Қытайда, Вавилонияда, Мысырда кеңінен таралды. Тіпті Еуропаның өзінде осындай пікірлер орта ғасырларда және қайта өрлеу заманында да орын алды. Бұл болжам бойынша тіршілік Құдайдың құдіретінің арқасында жаратылған және ол белгілі бір мақсатқа негізделген, оның өзгеруі тек Құдайға байланысты деп түсіндірген. Бұл көзқарасты швед ғалымы Карл Линней, француз табиғат зерттеушiсi Жорж Кювье және т. б. қолдады. Олар табиғаттағы сан алуан түрлер өзгермейді, әуел баста қалай жаратылса сол қалпында сақталады деп түсіндірген.
2-ТОП. Стационарлық жағдай теориясында: "Жер еш уақытта жаңадан пайда болған жоқ, ол әуел бастан мәңгі, олай болса, жер бетіндегі тіршілік те мәңгі" делінеді.
Осы теорияны 1880 жылы неміс ғалымы Вильг
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>