тақырып қою, оның мәнін түсіндіру.
Міне, осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтіндермен жұмыс жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Есте болатын бір жағдай оқушылар сабақта жалығып кетпес үшін жаңа сөздерді жаттау, есте сақтау, тіл дамыту жұмыстарын үнемі түрлендіріп отыру міндет. Өтілген сөз, сөз тіркестерін, сөйлемдерді үнемі қайталап отырмаса, тез ұмытылады. Сондықтан жаңа сөздерді үй тапсырмасын тексергенде, суретпен жұмыс жүргізгенде, мәтін оқығанда, сұраққа жауап бергенде, яғни сабақтың барлық кезеңінде үнемі қайталап, еске түсіріп отырған жөн. Сабақты тиімді де кұнды әдістермен өткізу және оны жүйелі де жоспарлы жүргізу сабақ элементтерінің толық қатысуына мүмкіндік береді. Міне, біздің жоғарыда айтып отырған ойларымыз баланың тілін мәтіндер арқылы сөйлетуге, сөздік қорын байытуға бағытталған. Бұл әдістерді қолдана отырып, оқушының сөйлеу дағдысын меңгере түседі.
Қорыта келгенде тіліміздің мәртебесі - еліміздің мәртебесі, сондықтан сауатты, мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тәрбиелеу біздің мақсатымыз.
Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, орыс тілді мектептердегі оқушылардың қазақша сөйлеу дағдылары қалыптасып, пәнге деген қызығушылықтары артады.
Еліміз жыл сайын білімді, ақылды жасөспірімдермен толығып келеді. Ендеше, болашаққа деген сенімділік те бізде мол.
Әдебиеттері:
1. Назарбаев Н. Бәсекелестікке қабілетті Қазақстан үшін. Бәсекелестікке қабілетті экономика үшін. Бәсекелестікке қабілетті халық үшін. Қазақстан халқына жолдауы. - Астана: Ақорда KZ 62012.
2. Қасым Б. , Османова З. т. б. Кәсіби қазақ тілі. - Алматы, 2010. - 112 б.
3. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңы, 2008ж.
4. Ж. Д. Адамбаев "Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту" 2
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>