Тіл үйретуде қолданылатын кейбір тиімді жолдар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады.
Ендеше, ол үшін көп тер төгіп еңбек ету, тіл үйренушілердің жүрегіне жол тауып, білім нәрімен түрлі әдіс-тәсілдермен қарулану сияқты қиыны мен қызығы бірдей іс-ұстаздар еншісінде.
Қазақ тілінің кәсіби мамандыққа бағытталған лексикасы мен терминологиясын оқыту әдістемесі сала мамандықтарына байланысты таңдап алынған лексиканы үйрету үшін, біріншіден, тіл үйренушіге жаңа сөзді қолдануға жағдай туғызу; екіншіден, сөздің мағынасын айқындап, дұрыс қолдан амал-тәсілдерін игерту (сөз--сөз тіркестері--сөйлем--мәтін); үшіншіден, сөздер мен сөз тіркестеріне қатысты грамматикалық тұлғаларды функционалды мақсатта байланыстыра үйрету; төртіншіден, сөздердің қатысым-прагматикалық мақсатын ескеру қажет.
Жаңа сөздерді еске сақтауда төмендегі тәсілдер мен жаттығу жұмыстарын қолдануға болады:
а) жаңа сөздерді тақтаға жазып, дұрыс айтуға машықтандыру;
ә) жаңа сөздерді ұғымын кең ашу үшін оларды қатыстыра отырып, сөз тіркесін жасату, сөйлем құрату, ол сөздердің контекстегі мағынасын ашу;
б) жаңа сөздерді қатыстыра отырып, тірек сөз ретінде пайдаланып, мәтін, диалог, әңгіме құрастыру.
Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамыту керек. Осы мақсатта тіл дамыту оқушыларға еркін тақырып аясында ауызша мәтіндер құрастыруға, өздері оқыған шығармаларын мазмұндап, көркемдеп баяндауға, ертегі, әңгіме құрауға үйретіледі. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ойтолғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады. Әр сыныпта белгілі бір тақырыптар қайта қайталанғанымен оқушылардың жас ерекшелігіне қарай жұмыс көлемі күрделенетіні анық. Осы жұмыстардың ішінде сабақ барысында өте жиі қолданылатыны мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен жұ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: