мыс істегенде әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бірақ сол қолданылатын әдіс-тәсілдердің мақсаты оқушыларға айкын болуы керек.
Мәтіндермен жұмыс кең түрде жүргізіледі. Мәтінге қатысты жаңа сөздер жазылып, оқылып, талданып болған соң, мәтінге байланысты тәсілдер қолдануға болады. Мәтінен кейінгі және мәтінге дейінгі ойтүрткі сұрақтар, білімгердің мәтін бойынша әңгімелесе білуіне, ойын бір жерге түйіп, жан-жақты ойлауына жәрдемдеседі.
Балалардың тілін дамыту үшін маңызды әдістің бірі, сұрақ-жауап әдісі. Бұл әдісті қай сыныпта болмасын, сабақтың қай кезеңінде болмасын қолдануға болады, өте белгілі де тиімді әдіс. Жас ерекшелігіне байланысты сұрақ дайындайды.
Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл - ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір - бірімен достық қарым - қатынас мәселелері де дұрыс жолға қойылады.
Қазақ тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар - балаларды қазақша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір - бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Міне, осыған орай оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу үшін пайдаланылады және соған лайықтап беріледі. Кітаптағы мәтіндердің күрделілігі сол мәтіндермен жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне сай келу керек. Осыған байланысты мәтінмен жұмыс істеуді түрлі әдістермен жүргізуге болады:
- интерактивті тақта арқылы
-мұғалімнің кіріспе әңгімесі;
-мәтінді мұғалімнің оқуы;
-сөздікпен жұмыс жүргізу;
-мәтінді оқушылардың оқуы;
-мәтінді оқығаннан кейінгі қысқаша әңгіме өткізу;
-мәтінді бөліктерге бөле оқу;
-сұрақтарға жауапты мәтіннен тауып оқыту;
-мәтінді рөлге бөліп оқыту;
-мәтінге
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>