Тіл үйретуде қолданылатын кейбір тиімді жолдар
Айнұр Бауржанқызы Пірімбетова
24 гимназияның қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі
Мемлекеттік тілді оқып-үйрену, меңгеру - Қазақстан азаматтарының парызы мен міндеті саналып, бәсекеге қабілеттілігі және қоғамдық өмірге араласуының белсенділігін айқындайтын ынталандырушы тетік болуға тиіс. Үкіметтің "Үштұғырлы тіл",- саясатын іске асыру, басқа да ұлт тілдерінің дамуына ықпал ету қазақ халқын біріктіруші фактор болып табылады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев "Қазақстан-2050" Стратегиялық Жолдауында:"Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту", - деп атап көрсетті. Бұл- туған тілдің саяси мәні мен мағынасын, мемлекеттік мазмұнын анықтайтын үндеу деп түсіну қажет. Мемлекеттік тілді ойлау - болашақты ойлау деген сөз. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгерту өзекті мәселенің бірі екендігі баршаға мәлім. Бүгін заман өзгерді, қоғам алмасты, еліміз тәуелсіздік алды, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қайта жанданып жатыр. Тіл дамыту - қазіргі мектептің оқу тәрбие ісіндегі басты проблема - тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздеріне қолдана білуіне жағдай жасайды. Оқушының тілін дамыту жұмысы, ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы пәнді оқып үйренсе де, өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы күнбе-күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады, яғни оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырылса, сондай-ақ, ойлау мен
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>