Баяндама: "Сыни тұрғысынан ойлау"
Мақсаты: "Сын тұрғысынан ойлау" технологиясы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
"Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға
және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау"
Н. Ә. Назарбаев
Оқыту мен оқу, үйрету мен үйрену үнемі бір-бірімен астасып жатады.
Шәкірттеріміздің бойында қандай қасиеттер мен қабілеттерді, ой-пікірлерді дамытуымыз керек?
" Ал осыны жүзеге асыру үшін нені біліп, нені пайдалануымыз керек.
Тегінде, баланы өздігінен жұмыс істеуге, өздігінен ізденіп білім алуға үйрету - ең тиімді жол. Бұл жолдағы ең тиімді технологиялардың бірі - "Сыни тұрғысынан ойлау" технологиясы. Сыни тұрғысынан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.
Заманына қарай адамы,-демекші жаңаша әдіс-тәсілдердің көмегі арқылы біз бала жанының жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, ұстаздарға үмітпен көз тастайтынын есте ұстауымыз керек. Байқап қарасақ, бала көбіне өз бетінше эссе жазуды ұнатады. Себебі, онда олар түрлі оқиғаларға, құбылыстарға еркін кіреді. Арман мен қиялға еркін самғайды. Оқушы қашанда өзін жаңа қырынан көрсеткісі келеді. Сондай сәттерде төмендегідей шығармашылық жұмыстарын жүргіземін.
1. Арнайы бөлінген топтарға табиғаттың, шығарма кейіпкерлерінің суреттерін таратып, ойдан көркем сөздермен (пейзаж, портрет) мәтін құрау.
2. Аяқталмаған әңгімелерді өз қиялдарымен сюжеттік желісін сақтай отырып аяқтау.
3. Топтарға таратылған суреттер топтапмасының ортақ белгілерін таптыру.
4. Кез-келген тақы
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>