рыптағы мәтінді (грамматикалық тапсырмалар арқылы) әр түрлі құрылымда бірыңғай сөйлемдерді, оқшау сөздерді, жақты сөйлемдерді немесе есімдіктерді т. б. жиі қолдана отырып, мазмұнды етіп құрастыру. . .
Бұл түсініктің мақсаты- барлық жастағы оқушылардың кез- келген мазмұн, түсінікке сыни тұрғысынан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға сапалы шешім қабылдауға үйрету.
"Мұғалім әдіс-тәсілді көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек" - деген А. Байтұрсыновтың пікіріне сүйенемін. Күнделікті өз сабақтарымды бірнеше жаңа технологияларды қолдану арқылы өткіземін, оған оқушылар өзі дағдыланып, төселіп алады. Біз балалардың қабілеттіліктерін, біліктіліктерін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін жағдай туғызуымыз керек. Ол соңғы уақытта ұстаздардың жаппай оқып жатқан теориялық және практикалық бөлімдерден тұратын үш айлық оқу курсында толық қамтылатынын байқадық. Мектебіміздегі кәсіби білім деңгейлерін көтеріп келген әріптестеріміздің коучинг-семинарларына, сабақтарына қатысып, үйренгенімізді өз тәжірибемізге қосудамыз. Мұғалім - өмір бойы оқушы, сол себепті жаңаша оқыту жүйелерін көзден таса қылмауымыз қажет. Оқушының шығармашылық, ізденімпаздылық қабілеті биік болса, оның алмайтын қамалы жоқ деуге болады. Оған жетелейтін жол - шәкіртті сыни тұрғыда ойлануға үйрету.
Сын тұрғыда ойлау- бұл кез- келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әр түрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту.
Аталған педагогикалық технология арқылы ұйымдастырылған сабақ мынадай 3 кезеңнен тұрады.
І. Ой шақыру.
ІІ. Мағынаны тану.
ІІІ. Ой толғаныс.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:
1. Сын тұрғыда ойлауды тудыру үшін у
Страницы: << < 1 | 2 | 3 > >>