ақыт керек.
2. Оқушыларға ойланып толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс- әрекетін қолдау.
5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.
6. Оқушылардың бір- бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
7. Сын тұрғыда ойлауды бағалау.
Жалпы сыни тұрғыда ойлау технологияның жетістіктері мынандай болып табылады:
1. Оқушылар күні бұрын берілген тапсырмамен де, сабақ үстінде берілген тапсырмалармен қосымша ізденеді, өз бетімен дайындалады.
2. Оқушы өз қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі.
3. Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.
4. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.
5. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.
6. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.
7. Өз пікірін қорғай дәлелдей алады.
8. Топпен жұмыс істеуге үйренеді.
9. Жан дүниесін тәрбиелейді.
10. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.
Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі мен машықтық қалыпқа түскен іскерлік дәрежесіне байланысты. Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге көтеретін оның саналы да дарынды, талантты ұрпағы. Ал білімді ұрпақ, болашақ ел тірегін тәрбиелейтін, оқытатын ұстаздар қауымы екені аян. Ендеше, заман талабына сай оқыту, білім беру - біздің міндетіміз. Сондықтан, балаға білімді қалай игертсем, олардың сабаққа деген қызығуын қалай арттыра түссем деген мәселе қазіргі күні өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ендеше, заман талабына сай оқыту, білім беру - біздің міндетіміз. Өз міндетімізге адами тұрғыдағы жауапкершілігімізбен қарай білейік.
Страницы: << < 1 | 2 | 3