атастырады.
Тіл кемістігі. Дыбыстардың алмастырулар мен шатастыруларынан басқа да айтылуында кемістіктер кездеседі. (Р дыбысын қырылдап, С-ны тіл арасымен айту) ФФТД-ын түзету жұмыстары:
Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру.
- Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру;
- Дыбыстық талдау мен жинақтау қабілеттерін дамыту;
- Сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық жағын жетілдіру;
- Сөздік қорын толықтыру.
А. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Фонематикалық қабылдауын дамыту: (дыбысты қабылдауын)
- берілген дыбысты басқа дыбыстар арасынан анықтау;
- сөз арасынан берілген буынды анықтау;
- пароним сөздерге тиісті суреттерді көрсету (қаз-қас, қара-қала, баға-бақа);
- буын тіркестерін қайталау (та-да-та, ас-аш-ас);
Б. Дыбыстық талдау мен жинақтау:
- сөздің басындағы дауысты дыбыстарды ажырату, бөліп айту;
- сөздің басындағы, соңындағы дауыссыз дыбыстарды бөліп айту (қол, мал, ат, от сияқты сөздерді жабық буынды талдау және жинақтау);
- сөздегі дауысты дыбыстың орнын анықтау кезеңі;
-ашық буынды, бір буынды сөздерді талдау, жинақтау;
- сөздегі дыбыстардың санын, реттілігін анықтау (мыс: қар-3 дыбыс).
В. Фонематикалық түсінігін, ұғымын дамыту:
- берілген дыбысқа суреттерді тағдап алу;
- берілген екі дыбысқа қарай суреттерді екі бағанаға бөліп қою;
- 3,5,6 дыбыстардан сөздер құрастыру.
Дамуында тоқырауы бар балалардың фонетика-фонематикалық жағын алдын алмаса және түзету жұмыстарын тиімді жүргізбесе, ол оқуы мен жазуының бұзылуына әсерін тигізеді. Осы балалардың ана тілін меңгеріп, дұрыс, сауатты сөйлеуінде логопедиялық жұмыстардың маңызы зор.
Страницы: << < 2 | 3 | 4