Май ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды жою жолдары
Мұғалім-логопед:
Сыздыкбаева А. Ж.
Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» қажеттілігі айрықша деп атап көрсетілген.
Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс. Қазіргі таңда балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына барлық жағдай жасалуда. Сонымен қатар елімізде инклюзивті білім беруді дамыту дұрыс жолға қойылған.
Психикалық дамуында тоқырауы бар балалардың сөйлеу тілінде мынандай ақаулықтар болады: жалпы тіл кемістігінің ІІІ және ІVдеңгейі, фонетика-фонематикасының толық дамымауы, дислекция, дисграфия. Жалпы тіл кемістігі- есту қабілеті мен өрісі әдеттегідей дамымаған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тіл құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әр түрлі күрделі тіл кемістігі. ЖТК-нің ІVдеңгейі болады.
Жалпы тіл кемістігі ІІІ деңгейіндегі сөйлеу тілінің бұзылуы:
- Ауызекі байланыстырып сөйлегенде кейбір сөздерді білмейді, дұрыс қолданбайды;
- Тілдің грамматикалық жағынан дамымауы;
- Сөйлегенде тек жәй сөздерді қолданады;
- Дыбыстық талдау, жинақтау әдісін меңгеруде қиналады.
Ауызекі сөйлеу тілінің патологиясынан басқа оқу және жазу тілінің бұзылуы болады. Сөйлеу тілінің түрлі мүкістері бар
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>