онематикасының және лексико-грамматикасының толық дамымауының нәтижесінде пайда болатындығы кейінгі уақытта дәлелденді.
Мектепте оқитын ересек және орта жастағы балалардың арасындағы ең көп тарағаны дыбыстарды бұзып айту ақаулықтары. Бұл топқа жататын есту қабілеті дұрыс балалар жеке дыбыстарды, бір немесе бірнеше топтағы (ызың, ызың және ысқырық, ызың және аффрикаттар) дыбыстарды дұрыс айта алмайтыны байқалады. Бұл балалардың сөйлеу тілінің дыбыстар жағын мұқият тексерген кезде солардың ішіндегі кейбіреулерінің дыбыстарды айтуы сөздің құрамындағы буындық ырғақтың, дыбыстық түсінігінің барлық элементтерінің жиынтығының қалыптаспағандығын көрсетті. Бұл сияқты ауытқулардың ерекшеліктері оқу мен жазу дағдыларын меңгеруіне қауіпті.
ФФТД - ол қабылдау түйсігімен дыбыстардың айтылуындағы ақаулардың салдарынан болған сөйлеу тілінің әртүрлі кемістіктері бар балалардың ана тіліндегі дыбыстардың айтылу жүйесіндегі қалыптасу барысынан бұзылуы.
ФФТД - ың сипаттайтын негізгі көріністер:
Жұп немесе топ дыбыстардың айтылуын ажырата алмауы. Мұндай жағдайда бір дыбыс екі немесе үш дыбысты да алмастыра береді. Мысалы: Т дыбысы С, Ч, Ш дыбыстарының орнына айтылады.
Бір дыбыстардың басқалармен алмастырылуы. Баланың сөйлеу тілінде жеңіл айтылатын дыбыстар, айтылуы қиын дыбыстарды алмастырады. Мысалы: Л дыбысы, Р дыбысы, Ф дыбысы мен Ш дыбысын, Т мен Д дыбыстары ызың мен ысқырық дыбыстарын түгелдей алмастырады.
Дыбыстарды шатастыру. Бұл көптеген дыбыстардың әр түрлі сөздерде қолдануының тұрақсызыдығын сипаттайды. Бала бір дыбысты бір сөзде дұрыс қолданады да, ал оны басқа сөзде сол дыбысқа әуезі жағынан немесе айтылуы жағынан ұқсас дыбыспен қатар келсе алмастырып жібереді. Мысалы: Р, Л немесе С дыбыстарын жеке түрінде дұрыс айтады да, ал сөйлегенде ауыстырып ш
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>