Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды жою жолдары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

балалар жазуды және оқуды меңгеріп кетуге шамалары келмейді.
Дислекция-оқи алмау, дауыстап оқудың қиналуы, оқу процесінің бұзылуы.
Дисграфия- жазу қабілетінің бұзылуы, грамматикалық ережелерді білгенімен сөздерді, сөйлемдерді қате жазады.
Дисграфиялық қателердің ерекшеліктеріне жататындары:
Ерекше фонетикалық алмастырулар. Бұл қателер сөйлеу мүшелерінің және әуезінің нәзік белгілерімен ғана айыруға болатын бір топқа жататын дыбыстарды айыруының жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұған ысқырық және ызың, ұяң және қатаң, жуан және жіңішке, Р және Л дауыссыз дыбыстарды алмастыру және орындарын жаңылыстыру, сонымен бірге, дауысты дыбыстарды да алмастыру жатады.
Сөздің буындық құрлысының бұзылуы. Бұған дыбыстарды ажыратуды және бөлуді ғана емес, сонымен бірге олардың жүйелілігін анықтауды да білмеуі жатады. Бұнда жекелеген дыбыстарды және тұтас буындарды түсіріп қалдырады, дыбыстардың немесе буындардың орынын ауыстырады, бір сөзді бөліп екі сөзді қосып жазады.
Грамматикалық қателері. Бұл қателер жазылуының грамматикалық жағының қалыптасу барысының жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұл жалғаулардың, көмекші сөздердің, септік жалғауларының түсіп қалуы немесе дұрыс қолданылмауы.
Дисграфияға ілеспелі қателер.
Орфографиялық қателер.
Екпін түспейтін дауысты дыбастарда ұяң және қатаң дыбыстар әріпін сөздің аяғында дұрыс жазбау.
Графикалық қателер.
Әріптердің жазылуындағы ұқсастықтар (И-дің орнына Ш жазу, Л-әрпінің орнына М жазу және жазылуындағы белгілері бойынша Б-ның орнына Д жазу, т. б. )
Дисграфия мен дислексиясының пайда болуы фонематикасының толық дамымауының есебінен екендігі ғылыми түрде дәлелденген.


尀$摧穫ãфонематикалық түйсігінің толық қалыптаспағандығынан немесе сөйлеу тіл мүшелерінің барлық сыңарлары, фонетика-ф

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: