мі", "Айтыс", "Кездесу" сияқты картиналары мен эскиздерін кинофильмдер тақырыбына арнады. Бұл шығармалар қатарына "Дала қызы", "Батырлар кездесуі" картиналарын қосуға болады. Халық суретшісі Айша Ғаріпқызы Ғалымбаеваның шығармашылығысы Қазақстан республикасының мәдениеті мен өнерінің дамуына қосылған жарқын үлес болып табылады.
Елуінші жылдары қазақ суретшілерінің шығармалары бүкілодақтық және халықаралық көрмелердің тұрақты экспозициясына айнала бастады. Бұл кезде көптеген қазақ суретшілері Россиядағы көркемсурет институттарын бітіріп келіп Қазақстан суретшілерінің қатары профессионал ұлттық кадрлармен толыға түсті. Солардың бірі Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген өнер қайраткері Молдахмет Кенбаев.
Суретші М. Кенбаев картиналары қазақтың ұлттық ерекшеліктерін кең көлемде көрсеткен ерекше туындылар. М. Кенбаев шығармалары Москвадағы Третьянов галереясында, Ташкенттегі Шығыс халықтары өнерінің музейінде, және қазақ бейнелеу өнері музейінде сақтаулы. Бұл өнердегі құбылыс ретінде суретші шығармаларының биік деңгейін көрсетеді.
М. Кенбаев 1925 жылы Қостанай облысы, Жангельдин ауданында шаруа семьясында дүниеге келді. Ол ата-анасынан ерте жетім қалып, 1931-1941 жылдары балалар үйінде тәрбиеленді. Ол сурет салумен жас шағынан айналысты. 1938 жылы республикалық балалардың көркемсурет көрмесіне оның суреттері алғаш рет қойылады.
М. Кенбаев 1941 жылы Алматының театралды-көркемсурет учелищесінің кескіндеме бөліміне оқуға түсіп, -- кескіндеме профессоры А. М. Черкаскийден, өнерге еңбек сіңірген қайраткер Л. П. Леонтьевтен дәріс алады. Мұнда ол "Суретші" деген тақырыпқа дипломды жұмыс жазады.
1951 жылдан бастап М. Кенбаев өз білімін Москвадағы В. И. Суриков атындағы көркемсурет институтына түсіп жалғастыр
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>