рманғазы", "Сәкен Сейфуллин", "Шоқан Уәлиханов" атты тарихи тұлғалардың мүсіндерін жасап, кейіпкерлердің жан дүниесін ашуға, психологизмге бейімділігін танытты.
Х. Наурызбаев 60-80 жылдар арасында ақын М. Хакімжанованың, еңбек ері К. Дөнентаеваның, батыр қыз М. Мәметованың, еңбек ері Ы. Жақаевтің мүсіндерін жасап, кейіпкерлердің сыртқы тұлғасын ішкі жан дүниесімен тығыз байланыста көрсете білді.
Мүсіншінің шәкірттері Т. Досмағанбетов, Б. Төлеков, Е. Мергенов қазіргі кезде кең көлемде танылған шеберлер. Мүсінші шығармашылығы лайықты бағаланып Еңбек Қызыл Ту және "Құрмет белгісі" орденімен, бірнеше медальдармен наградталған.
Қазақ бейнелеу өнерінде ерекше орын алатын дара тұлға А. Ғалымбаева. 1967 жылы суретші қазақ әйелі Айша Ғалымбаеваға Қазақстанның халық суретшісі атағы берілді. Бұл жылы ол елу жасқа толған болатын.
Айша Ғалымбаева 1917 жылы 19 декабрде туған. Ол 1943 жылы Алматы көркемсурет училищесін, онан соң 1949 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік киномотография институтының көркемдік-сәндік бөлімін бітірді.
А. Ғалымбаеваның алғашқы еңбектері "Абай әндері" (1949), "Махаббат туралы поэма" (1954) кинофильмдеріне жасаған еңбектері мен "Тоқымашылар" (1951), "Автопортрет" (1956) атты станоктың картиналары.
Айша Ғалымбаева елуінші жылдардың соңында өзінің талантымен қалыптасқан тәжірибесін көрсететін көптеген картиналар жазды. Солардың бірі "Халық таланттары" (1957) атты кескіндеме шығармасы. Картинада киіз үйдің ішінде отырған үш әйел бейнеленген. Оларды киіз басу үстінде көреміз. Айша Ғалымбаеваның "Халық таланттары" атты картинасы оның шығармашылығының алғашқы беталысын көрсететін шығармасы.
Осындай шығармаларының бірі - "Халық шебері Б. Б
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>