Суретшілер және олардың шығармалары

Страницы: <<  <  19 | 20 | 21

ы баға алды.
"Аралмен қоштасу" еңбегі "Жастық" девизімен өткен Бүкілодақтық жастар көрмесіне қойылды. Жас мүсіншінің Арал тағдырына арналған шығармасының бірінші тұлғасы Халықаралық көрмелерге жолдама алып, Польша, Чехославакия қалаларында өткен байқауларда көңілден шықты. Ғалымның жаңа еңбегі - "Есімхан" - жас мүсіншінің ізденіс, қуат-күшін айқын танытумен қатар, болашағынан зор үміт күттірген еңбек болды.
Суретші кескіндемеші Қосыбек Егізбаев 1936 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы Гродекаво селосында дүниеге келген. 1959 жылы Алматыдағы Н. В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген.
Сурет салумен бала кезінен айналысады. Әсіресе, қазақ халқының ертегі кітаптарын кескіндеп, безендіруге шағармашылық жаңа қырынан көрінген. Ол "Түлкі мен бөдене", "Қаңбақ шал" тағы басқа кітаптарды көркем безендіруде ешкімге ұқсатпай өз қолтаңбасын таныта білдірді. Қ. Егізбаев көркемдеп безендірген "Бозінген" атты кітап Мәскеуде өткен бүкілодақтық халық шаруашылық жетістіктері көрмесінің қола медалін жеңіп алған. Ол КСРО журналистер одағының мүшесі, қазір "Жалын" баспасында жұмыс істейді






Страницы: <<  <  19 | 20 | 21
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: