Суретшілер және олардың шығармалары

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

рдің әуенділігімен және ұлттық ерекшеліктерімен сипатталады. Шығарма мазмұны халық шеберлерінің еңбегін көрсету.
М. Кенбаев шығармашылығы - қазақ халқының өмірін бейнелік-поэзиялық тілде көрсету. Соңғы жылдар М. Кенбаев басқа да суретшілермен қосыла отырып монументалдық өнер саласында өнімді еңбек етуде.
Қазақстан бейнелеу өнеріндегі кескіндеме шығармаларымен танылған ерекше тұлға С. Мамбеев. Сабыр Мәмбеев Шымкент облысы, Келес ауданы Абайбазар селосында 1928 жылы туған. Сабыр Мәмбеев Қазақстанның Халық суретшісі, Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер. С. Мәмбеев 1946 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1953 жылы Санг - Петербургтегі И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және архитектура институтын бітірген. 1952-62 жылдары және 1968-82 жылдары Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы қызметін атқарған.
С. Мәмбеевтің шығармашылығындағы негізгі тақырыптар - замандастар өмірі, туған жердің табиғаты және еңбек адамдары. Суретшінің "Сұқбат", "Тауда" деп аталатын картиналары Москвадағы Третьяков галереясында, "Қоныс аудару", "Көктем" шығармалары Москвадағы шығыс халықтары өнерінің музейінде сақтаулы. "Киіз үйде", "Терезе алдындағы қыз", "Жастар", "М. О. Әуезов" картиналарын суретші 50-60 жылдары жазды.
С. Мәмбеев 1970-80 жылдары қазақ халқының өткені мен бүгінгісін көрсететін сериялық суреттер салды. Шығармаларының көпшілігі қазақтың көркемсурет музейінде сақтаулы. Суретші шығармашылығы уақытында лайықты бағаланып Еңбек Қызыл Ту және Құрымет Белгісі ордендерімен марапатталған.
Қазақтың кино суретшісі, графигі, кескіндемешісі Сахи Романов 1926 жылы 1 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келді. Оған 1967 жылы Қазақстан өнеріне еңбек сіңірген қайраткер,1981

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: