ады. Бұл институтты бітірерде М. Кенбаев "Жангельдин отряды" деген тақырыпқа диплом жұмысын жазған.
Суретші М. Кенбаевтың тақырыптық картиналары қазақ даласымен тығыз байланысты болып келеді. Суретші "Әңгіме" (1957), "Қашағанды ұстау" (1967), "Сары-Арқа", "Құрманғазы", "Киіз басушылар" атты картиналарында кейіпкерлер образын жасаумен қатар, қазақ баласының өзіндік ерекшеліктерін ашуға баса көңіл бөледі.
Суретші М. Кенбаевтың ерекше туындыларының бірі - "Асауды ұстау" картинасы. Картина қазақ жігіттерінің батылдығы мен шеберлік өнерінің шексіздігін көрсететін көркем туынды. Көлденеңінен сызылыңқы етіп алынған картина форматы, қазақ даласының кеңдігін, адамдардың болашаққа қарай ұмтылысын символды түрде көрсетеді. Суретшінің "Асауды ұстау" картинасы Москвадағы Мемлекеттік Третьяков галереясындағы кеңес өнері көрмесіне қойылған.
М. Кенбаевтың озық туындыларының бірі - қазақ халқының даңқты сазгері Құрманғазы бейнесін көрсететін "Сары-Арқа" картинасы. 1958 жылы Құрманғазы образын жасауға арналған жабық конкурста осы картина үшін М. Кенбаев бірінші сыйлықты жеңіп алды. Картинада ат жетектеген Құрманғазының бейнесі көрсетілген. Шығарма бояулары қоңыр, сары, қызғыш түстердің жиынтығына біріктірілген. Картинаның "Сарыарқа" деп аталуы Құрманғазының даңқты - Сарыарқа күйінің сарынымен байланысты. М. Кенбаев бұл картинаны жазу барысында ақын Хамит Ерғалиевпен жиі пікірлесіп, оның "Құрманғазы" поэмасының мазмұнымен танысты. Сонымен қатар бұл жұмысты жазу кезеңдерінде ғалым, зерттеуші әрі композитор Ахмет Жұбанов мұқият бақылау жасап, пайдалы кеңестер беріп отырған.
Суретші М. Кенбаевтың ерекше туындыларының бірі - "Киіз басу". Бұл картина түсте
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 | 10 > >>