әсенованың портреті" (1958). Суретшінің "Батыр ана" (1960), "Қазақстан әуендері" (1962) картиналарында сәнділік, түстердің тұтастығы, бейнелілік пен образдылық айқындала түседі.
Жетпісінші жылдардың басынан бастап А. Ғалымбаева бірқатар пейзаж туындыларын жазды. Олардың қатарына "Аяқ-Қалқан", "Үңгіртас", "Сарыағаш" шығармалары кіреді.
Суретшінің "Жайлау жолы", "Болашақ", "Совхоз", "Шопан қыздары", "Совхоздағы кеш", "Сенімді қарауыл", "Автолавка" шығармалары ауыл еңбеккерлерінің өмірін көрсетеді.
А. Ғалымбаеваның шығармашылығында натюрморт жанры ерекше орын алады. Алпысыншы жылдары жазған "Үш ғасыр", "Ертедегі керамика", "Қобыз", "Сары алма", "Айва" картиналары ерекше бейнелік сипатқа ие болған. Суретші бұл картиналар арқылы табиғат пен адам арасындағы қарым қатынас бірлігін көрсетеді. Ертедегі дүние мен қазіргі өмір атрибуттары салыстырмалы түрде көрсетіледі.
Суретшінің "Бас киімдер" деп аталатын картинасында қазақтың көне ұлттық бөркі басы көрініс, ал ұлттық киімдер қосалқы композиция бөлшегі ретінде берілген.
Айша Ғалымбаева шығармашылығындағы жанрдың бірі - портрет. Ол 60-жылдардың соңында артист С. Қойшыбаеваның, жазушы Ғ. Мұстафиннің, актриса С. Майқанованың портреттерін жазды. Осы жылдары А. Ғалымбаева актер Н. Жантуриннің портретін және өзінің автопортретін жазып бітірді.
Алпысыншы жылдардың соңында суретші "Қырықтықшы", "Дәмді шай", "Бір кесе қымыз", "Нан", "Біз уақыттың мақтанышымыз", "Дала қызы", "Абай әндері", "Билердің соты", "Үйлену кеші", "Айдардың өлі
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>