рі мен ұлттық дәстүр көріністерін терең суреттеуге арналған графикалық шығармалар. Суретші туындыларында еңбек ерлері Ы. Жақаевтың, У. Алтайбаеваның көркем образдары жасалған. Қазақ даласының қазіргі көріністері жаңа тақырыптық- композициялық шешімдер табылған.
График суретші Василий Тимофеев 1943 жылы 1 январьда Россияның Новосибирь облысының татарка селосында туған. 1963 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1974 жылдан Қазақстанның Суретшілер одағын мүше. 1963 жылдан бастап республикалық, шетелдік және халықаралық көрмелерге қатысқан.
Суретші В. Тимофеев "Бейбітшілік туралы сөз", "Тың жол салушылар", "Ойлау", "Балхаш балықшылары", "Адамдар мен тағдырлар", "Балхаш тарихы", "Жыл мезгілдері", "Қазақстанның даңқты адамдары" сериялық линогравюра суреттер салған. В. Тимофеев В. Шукшиннің, Жамбылдың, Шохан Уәлихановтың, Әл-Фарабидің, А. Афанасьевтің портреттерін жасады. Көптеген жеке адамдарлың кітаптарына арнап экслибристер салды.
Мүсінші Рыспек Ахметов 1942 жылы 3 январда Шымкент облысы, Абай-базар селосында туған. 1968 жылы Н. Островский атындағы Ташкент театр-көркемсурет институтын бітірген. 1969 жылдан Қазақстан суретшілер одағына мүше. 1968 жылдан бастап республикалық, халықаралық көрмелерге қатысқан.
Мүсінші Р. Ахметовтың "Алдар көсе мен бай", "Аққу биі", "Қобыз үні", "Махамбет Өтемісұлы", "Қобыланды батыр", "Құрманғазы Сағырбайұлы", "Жастық шақ", "Әл-Фараби", "Абай әндері", "Ана", "Қонақжайлық" атты кіші формадағы мүсіндер жасаған.
Р. Ахметов шығармашылығындағы ерекшелік шығармаларының ұлттық формада орындалуы, қазақтың салт-дәстүрін көрсететін, (с
Страницы: << < 15 | 16 | 17 | 18 | 19 > >>