е баулыды. Респуликалық баспаларда істеп жүріп кітаптарды көркемдеп безендіруге ат салысты. Идеясы мазмұнымен үндесіп, оның танымдық мәнін айшықтаған суреттері оқырмандарды ғана қызықтырып қойған жоқ, көрмелерде одақтас шетелдік мамандарды да сүйсіндірді. Темірхан Ордабековтың еңбектерінің дені тарихи тақырыптарға арналған. Оның "Бұхар жырау" атты графикасы көне заман шындығын қазіргі өмірмен үндестіре отырып, көпшілікті ойлантуға жетелейді.
Суретші Бексейіт Түлкеев 1955 жылы 22 қаңтарда Шымкент облысының Ленгер ауданында (қазіргі Төле би ауданы) Қасқасу ауылында туылған. 1971 жылы Москвадағы жоғарғы көркемсурет-өндірістік училищесінде сұңғатшы, монуметалист мамандығында оқыды.
1980 жылы Қазақстан суретшілерінің одағының мүшесіне қабылданып, осы атаққа ие болады. 1983 жылдары "Атамекен", "Әке", "Суретшінің ұйқысы" деген суреттерін жазды. 1984 жылы "Түсіру алаңы" деген сурет жазады.
ҚР суретшілар одағының мүшесі Меңдібай Әлин 1953 жылы туылған. 1977 жылы Алматының Н. В. Гоголь атындағы суретшілер училищесін бітірді. Бітірген соң "Жазушы" баспасында, әуелі көркемдеуші редактор, сосын редакция меңгерушісі болып қызмет істеді.
Меңдібай осы білімімен шектеліп қалуды місе тұтқан жоқ. 1978 Москва полиграфия институтына түсіп, оны 1985 жылы бітіріп шықты. Қазір ол - "Жалын" баспасының бас суретшісі. Талантты қылқалам иесі дизайн және кітап безендіру саласында жемісті жұмыс жасап, өзінің айырықша қолтаңбасын таныстарлық дара туындыларымен көзге түсіп келеді. Оның дарын қабілетін айқындай түсетін шынайы шығармалары көптеген бүкіл одақтық халықаралық көрмелерге қатысып, жүлделі орын алды. Қазақ ауыз әдебиеті саласындағы шығармаларды көркем безендіргені үшін, 1986 ж. Қазақстан Жастар сыйлығыны
Страницы: << < 17 | 18 | 19 | 20 | 21 > >>