Суретшілер және олардың шығармалары

Страницы: <<  <  16 | 17 | 18 | 19 | 20  >  >>

таноктық) көрмеге қоюға арналғандай болып келуі сонымен қатар, ауыз әдебиетінің, ғылымның, қоғам қайраткерлерінің образын жасауға бейілділік ерекшеліктері болып табылады.
Мүсінші Ескен Сергебаев 1940 жылы 19 майда Алматы қаласында туған. 1969 жылы Ленинградтағы мүсін және архитектура институтын бітірген. 1969 жылдан Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. 1962 жылдан бастап республикалық, шетелдік көрмелерге қатысқан.
Мүсінші "Ешек мінген қария", "Әке", "Суретші Салихадан Айтбаев", "Абай", "Қызымның портреті", "Гүлнараның портреті", "Халық әртісі Қ. Қуанышбаевтың портреті", "Композитор Ә. Бейсеуовтың портреті" сияқты белгілі адамдардың образдарын жасаған.
Е. Сергебаев Алматыдағы драма театрының алдындағы М. Әуезовтың ескерткішінің авторы. Мүсіншінің жұмыстарын жасауға ағаш, гранит, мыс, галваника материалдары қолданылған.
Мүсінші Досмағамбетов Төлеген. 1940 жылы 10 көкекте, Көкшетау облысы Қызылту ауданы Мыртып селосында дүниеге келді. 1962 жылы Ленинградтағы И. Е. Репин атындағы сұнғат, мүсін және архитектура институтын бітірді. Мүсіншіге "Қазақстанға еңбек сіңірген, өнер қайреткері" деген атақ берілген.
Мүсінші Т. Досмағамбетов 1971 жылы Көкшетауда Уалихановтың, 1975 жылы Жангелдиннің, 1985 жылы Алматыда Ғани Мұратбаевтың ескерткіштерін жасады. Ал 1980 жылы Сүлейменовтың, 1980 жылы академик Семеновтың портреттерін жасады.
Досмағамбетов Төлеген Сәбитұлы Қазақстан жастар Одағының лауреаты.
Суретші Темірхан Ордабеков - сурет өнерінің график саласында өзінің бағыт-бағдарымен танылған қылқалам шеберлерінің бірі. ҚазПИ-дің көркемсурет графика факультетін бітірген соң, Шымкент педагогика институтында ұстаздық қызметте болып, талапкер жастарды суретшілікк

Страницы: <<  <  16 | 17 | 18 | 19 | 20  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: