Суретшілер және олардың шығармалары

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>

ың, оның адамдарының өмір тіршілігін көрсетеді.
Кескіндеме шебері Бахтияр Табиев 1940 жылы 14 майда Қытай Халық Республикасының Құлжа қаласында туған. 1967 жылғы В. Суриков атындағы Москва көркемсурет институтын бітірген. 1970 жылы Қазақстан суретшілер одағына мүше. 1961 жылдан бастап республикалық, шетелдік, халықаралық көрмелерге қатысқан. 1988 жылы суретшіге "Қазақстан республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері" деген құрметті атақ берілді.
Суретші Б. Табиевтің "Майданнан келген хат", "Бала емізген ана", "Сақыманшылар", "Кездесу", "Бала көтерген ана", "Самаурын жанында", "Жанұя", "Таудағы таң", "Даладағы кеш" картиналары бар. Б. Табиевтің шығармалары ұлттық өзіндік ерекшеліктерін тұрмыс салтын, табиғатын, шаруашылығын, дәстүрін, этнографиялық белгілерін көрсетпесе де қазіргі өмір жағдайындағы сипатымен суреттейді. Суретші шығармаларында аттылы адам, киіз үй, түйелі ауыл, қазан ошақ, үй жихаздары, ұлттық киім, қазіргі ауыл көріністері молынан кездеседі.
Суретші график Қайырбай Закиров 1945 жылы 25 февральда Қызылорда облысы Арал қаласында туған. 1965 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1976 жылдан Қазақстан суретшілер одағына мүше. 1968 жылдан бастап республикалық, шетелдік және халықаралық көрмелерге қатысқан. 1988 жылы суретшіге "Қазақстан республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері" атағы берілген.
Суретші Қ. Зәкіровтың "Дастархан", "Ұлбаланың бақыты", "Теңіз туралы аңыз", триптихтары бар. "Көше қиылысында", "И. Оразбаевтың өлеңіне жасаған иллюстрациялары, "Базар жырау", "Жұт", "Жаңғырық", "Күту" шығармалары қазақ жеріндегі сыр өңірінің өмі

Страницы: <<  <  14 | 15 | 16 | 17 | 18  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: