1968 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1978 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. 1970 жылдан бастап республикалық, шетелдік көрмелерге қатысып келеді.
Суретшінің "Кешкі автобус", "Бұлақ", "Жоқтау", "Ат арба" композициялық-тақырыптық картиналарында құбылыстардың ішкі мәнін ашуға тырысады. "Тасжарған", "Өзен мен ағаш", "Тікен ішіндегі түлкі" шығармалары табиғат сырын ашуға арналады. Суретші А. Ақанаев ғалым А. Жұбановтың, суретші К. Дүйсенбиевтің, хирург Т. Кукеевтің, ақын О. Сүлейменовтың портретін салды.
Суретші А. Ақанаевтың сүйікті тақырыптарының бірі тарихи оқиғалар. Олардың қатарында "Аспарух ханның қалыңдығы", "Алтыбақан", "Мәңгілік туралы поэма", "Тынымсыз өмір" атты тарихи іздер қазіргі заман көріністері бейнеленген шығармалар бар.
Суретші К. Дүйсенбиев 1942 жылы 25 октябрьде Оңтүстік Қазақстан облысы Абай селосында туған. 1972 жылы Н. Островский атындағы Ташкенттің театр-көркемсурет институтын бітірген. 1975 жылдан Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. 1964 жылдан бастап республикалық, шетелдік көрмелерге қатынасқан.
Суретші К. Дүйсебиев "Тандыры бар натюрморт", "Пейзаж қосылған натюрморт" атты ұлттық заттарды бейнелеген шығармалар жазған. Бұлармен қатар суретші табиғат көріністері бейнеленген "Паркте", "Таңертең", "Ауылда", "Күз", "Көл жағасында", "Кешқұрым", "Түскі мезгіл" шығармалары бар.
К. Дүйсебиев ұлттық колориттегі, салт-дәстүр бағытындағы "Ата мен немере", "Үміт", "Далада әйелдері", "Сушылар", "Тауда", "Аулада" атты композициялық картиналары қазақ даласын
Страницы: << < 13 | 14 | 15 | 16 | 17 > >>