Өсімдік жасушасының құрылысы

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>

жоғары температурада ыдырайды.
Бейоргнаикалық заттаржасуша шырынында азот, фосфор қышқылдарының тұзы түрінде жиналды. Әсіресе магний, калий, кальций, темір тұздары мен бор, марганец, қалайы, мыс, йод микроэлементтері күнделікті тағамның құрамына кіруі қажет. Картоп, орамжапырақ, қызанақ, сары өрік, шабдалы, баклажанда калий көп.
Бүлдірген, қауын, саңырауқұлақ (түлкіжем, қайың түбінде өсетіндер), бидай, күріш, асхана қызылшасы, қияр, пияз, қызанақ, үрмебұршақ, асбұршақ, соя темір жеткілікті болғандықтан асқа көбірек пайдалану керек.
Жасуша ішіндегі қосындылар– жасуша тіршілік әрекетінің нәтижесінде жиналатын зат алмасудың ақырғы өнімі. Олар қатты және сұйық күйде вакуольде, цитоплазмада, түрлі органоидтарда жиналады да, қорға жиналатын қоректік және қалдық заттар деп 2-ге бөлінеді. Қорға жиналатын заттар өсімдік өсіп, даму кезінде қоректенуіне жұмсалады. Қор заттарына көмірсулар, нәруыздар, майлар, ал қалдық заттарға қымыздық қышқылының кристалдары жатады. Өсімдік жасушасында жиналған көмірсулар крахмал, инсулин, гликоген, қант.
Крахмалкейбір балдырлар мен саңырауқұлақтардан басқа өсімдіктердің жасушаларында дән түйіршік түрінде қоректік қор зат есебінде кездеседі. Крахмал дәндері түссіз, пішіндері өсімдік түріне байланысты шар, таяқша, көп қырлы болып келеді. Лейкопласта пайда болған кездегі негізгі орталығы өте майда болғанымен ұдайы жаңа қабаттары түзілетіндіктен біртіндеп көлемін ұлғайтады. Бір тәулікте екі қабатты түзеді.
Картоп түйнегіндегі крахмал дәндері жұмыртқа пішіндес болса, бидай, қарабидай, арпанікі шар тәрізді, күріш пен жүгерінікі көп қырлы, сүттігенде таяқша тәрізді, т. б.
Крахмал дәндерінің құрамында крахмал, су, аз мөлшерде фосфор қышқылы болады. Крахмал суда ерімейді, ыстық суда ісініп жарылып желімтектенеді, қышқыл мен с

Страницы: <<  <  8 | 9 | 10 | 11 | 12  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: