рде болатындықтан жақсы піскен жеміс дәмі тәтті болады. Сахароза(қызылша қанты) қызылша жемтамыры, борыққамыс сабағы, қарбыз, қауын жемістерінің жасуша шырынында 20-23-ға дейін кездеседі, суда жақсы ериді.
Иілік заттарвакуольдің жасуша шырынындағы күрделі органикалық заттарға жатады. Мысалы, эвкалипт ағашының қабығында 50, емен қабығындағы 15-20, тал қабығында 9-13, шайдың жапырағында 15-20, бадан жапырағы мен тамырсабағында 20, терек, емен бүршіктерінде 20, алма, жүзім, алмұрт жемістері де иілік заттарға бай. Иілік заттарды медицинада дененің, шырышты қабығы қабынғанда емдеуге пайдаланса, тері илеу өнеркәсібінде теріні жұмсарту үшін қолданады.
Алкалоидтар– жасуша шырынында болатын түссіз, өте ащы, улы, құрамында азот бар күрделі органикалық сілтілі зат. Спиртте, эфирде жақсы ериді, газ, сұйық, қатты зат түрінде кездеседі. Алколоидтар өсімдік түрі немесе туысының латынша атымен аталады, мысалы, темекі алколоиды никотин (никотиана), көкнәр алколоиды папаверин (папавер), т. б. медицинада кеңінен қолданылады. Шай жапырағы мен кофе ағашының тұқымындағы кофеин орталық жүйке жүйесін тыныштандыруға пайдалы. Оның көп түрлерін ауыл шаруашылығында зиянды жәндіктер мен жыртқыш хайуанаттарға у есебінде жұмсайды. Хина ағашының қабығынан алынатын хитинді безгекке, көкнәрдағы папаверин мен морфинді ұйықтатуға, ауруды бәсеңдету үшін пайдаланады.
Көптеген өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың өте улы болатыны, құрамындағы алколоидқа байланысты, мұндай өсімдіктерге алқа тұқымдастар, көкнар тұқымдастар мен сарғалдақ тұқымдастар жатады.
Токсинді заттарадам денсаулығына өте қауіпті. Үпілмәлік тұқымыдағы «рицин», аққараған ағашының қабығындағы «робин» — токсинді заттарға жатады. Бактриялар сіріспе, дифтерия, іріңді жара ауруын туғызатын токсин бөледі. Тосин суда жақсы ериді,
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>