Өсімдік жасушасының құрылысы

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>

қауызымен қоса тартылған ұнның құрамында қоректік заттардың бәрі болғандықтан І сортта ұн құнды болып есептеледі. Жоғарғы сортты ұн негізінен тұқымның ортаңғы бөлімінен таратылатындықтан нәруызды заттар мен витаминдер аз болады, құндылығы да әлдеқайда төмен.
Ұн – крахмал дәндері, алейрон дәндері және жасуша қабықшасының қосындысынан тұратындықтан крахмал илеп сумен әбден жуса, крахмал дәндерінің бәрі жуылып кетеді де, тек алейрон дәндері қалады. Қолмен ұстағанда созылғыш, желімдей жабысқақ екені байқалады, сондықтан оны «клейковина» дейді. Тұқымындағы нәруызды микроскоппен анық көру үшін кез келген жібітілген тұқымның өте жұқа көлденең кесіндісінен препарат жасап, әр түрлі химиялық реактивтермен бояп көруге болады. Мысалы, тотяйынның сілтілі ерітіндісі (медный купорос) нәруызды сия-көк, азот қышқылы сары, азотты сынап тұзды қызыл түске бояйды.
Майөсімдіктің барлық мүшелері жасушасының цитоплазмасында түссіз немесе сары түсті тамшы түрінде кездеседі, дегенмен тұқым мен жемісте көбірек.
Бидай дәнегінде 2, жүгері мен сұлыда 6, мақта, күнбағыс, соя, зығыр тұқымында 40, жер жаңғағында 50, үпілмәлікте 53, жаңғақты өсімдіктердің тұқымында 65-ға дейін май болады. Қысқа қарай ағаш сүрегіндегі крахмал біртіндеп майға, көктемде май қантқа айналып, өсімдіктің өсетін мүшелеріне қарай жылжиды. Майлар – көміртегі, сутегі, оттегінен тұратын күрделі органикалық зат. Олар суда ерімейді, спиртте нашар ериді, ал бензин, эфир, хлороформда жақсы ериді. Құрамында глицерин мен май қышқылы болғандықтан сілтімен әсер еткенде көпіреді. Оған себеп сілтімен әрекеттесіп глицерин мен май қышқылына ыдырап тұз (сабын) түзеді. Сабын суда жақсы ериді. Егер сілтінің орнына күйдіргіш натрийді қосса – қатты сабын, күйдіргіш калийді қосса – сұйық сабын (жасыл сабын) алынады.
Өсімдіктер ты

Страницы: <<  <  10 | 11 | 12 | 13 | 14  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: