Өсімдік жасушасының құрылысы

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

ілтіде глюкозаға айналады, йод тамызса көгереді. Құрғақ крахмалды 200ºС-қа дейін қыздырғанда суда еритін, йодтың әсерінен көгермейтін желімге (декстрин) айналады. Өсімдіктертің жасушаларында көмірсулар тек крахмал түрінде ғана қорға жиналмайды. Мысалы, күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің (нарғызгүл, жералмұрты (топинамбур) түйнектерінде, шашыратқы, бақбақ тамырларында) жер асты мүшелерінде 12-ға дейін суда жақсы еритін түссіз зат инсулин жасуша шырынында еритінді күйінде кездеседі, йодпен әсер еткенде көгермейді, қыздырғанда қойыртпақтанбайды.
Бактериялар мен саңырауқұлақтардың жасушаларында хлоропластар болмайтындықтан көмірсулар (гликоген (жануарлар крахмалы) түрінде қорға жиналады. Гликоген суда ериді, цитоплазмада қоймалжың күйде сақталады.
Бір тәулікте түзілген крахмал қолайлы жағдайда түнге қарай қантқа айналып ерітінді күйге көшіп, жапырақтан өсімдіктің басқа мүшелеріне ығысады. Әр түрлі ұлпаларда болатын лейкопластар қант еріндісін соңғы крахмалға айналдырады. Ол түрлі мүшелерге крахмал дәні ретінде қорға жиналады.
Нәруыздаржасушада пішіндері төрт қырлы, алты қырлы кристалл күйінде цитоплазмада, жасуша шырынында болады. Суда және қышқыл мен сілтінің әлсіз ерітіндісінде ерімей тек ісініп бөрітеді. Нәруыз әсіресе өсімдік тұқымында қорға жиналады. Тұқым әбден піскен кезде кебу болатындықтан вакуольде жиналған нәруыздар дән тәрізді дөңгелек болып сақталып қалады. Мұндай нәруызды алейрон дәндері дейді. Тұқымдары нәруыздарға бай өсімдіктерге бұршақ тұқымдастар (үрмебұршақ, асбұршақ, жасымық, соя, жоңышқа, беде, сиыржоңышқа, т. б. ) мен майлы өсімдіктер (үпілмәлік, күнбағар, қарасора, көкнәр, жаңғақ, т. б) жатады. Нәруыз астық тұқымдастар қауызының астыңғы жағына қорға жиналады, ал ортаңғы бөлімін крахмал дәндері толтырып тұрады. Сондықтан

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: