сияқты басқа қаптамаларды сақтайтын контейнер. Жұмыс үстеліндегі негізгі объектілерге Мой компьютер, Корзина, Мои документы т. с. с. жатады.
Негізгі басқару элементіне -- м ә с е л е л е р т а қ т а с ы жатады. Мәселелер тақтасы үш қызмет атқарады, олар:
1) онда П у с к негізгі батырмасы орналасады, ол кез келген программаларды және құжаттарды жылдам іске қосуға, файлдарды іздеуге, анықтамаға қатынауға және т. б. мүмкіндіктерді береді;
2) кез келген программа, құжат, қаптама ашылғанда мәселелер тақтасында сәйкес батырма пайда болады. Қажетті батырмаға басу сәйкес объектіні активтендіреді, бірінен біріне жылдам көшуді жүзеге асырады;
3) сондай-ақ, мәселелер тақтасында әр түрлі индикаторларды (уақыт, тіл, дата, т. с. с. ) бақылап отыруға болады.
Интерфейстің ең негізгі элементі - терезе. Терезе - белгілі бір объектіге (программа, құжат, қаптама) графикалық бөлінген экранның белгілі бір бөлігі. Терезелерді негізгі екі түрге жіктеуге болады:
1) ерікті терезелер;
2) бекітілген терезелер.
Ерікті терезелер - қолданбалар терезелері, олардың көпшілігі тағы да ішкі терезелерді (мысалы, құжаттар терезелерін) қамтуы мүмкін. Еркін терезелердің бірнеше көрсетім типтері болады:
- пиктограмма түрінде;
- қалыпты түрде (экранның белгілі бір бөлігін алады);
- толықэкранды түр (бүкіл экран бетін алады).
Бекітілген терезелер - өлшемдерін, кейде орнын да өзгертпейтін терезелер. Бекітілген терезелерге - диалог, хабарлама, қасиеттер беттері терезелері жатады.
Диалог терезелері - компьютердің пайдаланушымен әрекеттесуін жеңілдететін арнайы терезелер. Пайдаланушыға арналған ақпараттарды бейнелейді және одан жауап күтеді, ол үшін арнайы басқару элементтері қолданылады.
Хабарлама терезелері - диалог терезелерінің арнайы түрі, жүйеге кір
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>