Шрифті безендіру және түптеу

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>

ш, т. с. с. );
- қашықтан қатынаудың кірістірілген құралдары бар;
- мәліметтерді сақтауды басқарудың жаңа функциялары бар;
операциялық ортаны үлестірілген әкімшілікті басқару мүмкіндіктері бар.
Кез келген интерфейстің негізгі мақсаты - пайдаланушы үшін компьютерді неғұрлым мүмкіндікті, түсінікті жасау. Windows графикалық операциялық жүйелері IBM PC платформалы компьютерлерде жұмыс істеуге арналған. Оның негізгі басқару құралдары - манипулятор "тышқан" және пернетақта.
Windows жүктелгенде экранға оның алғашқы беті - Жұмыс үстелі шығады. Ж ұ м ы с ү с т е л і - әр түрлі Windows объектілері және басқару элементтері орналасатын жүйелік объект (графикалық орта). Ол монитор экранын жауып тұрады. Жұмыс үстелінде пайда болатын объектілер жүйенің баптауларымен анықталады, алайда әрқашанда негізгі объектілер және басқару элементтері бар болады. Windows объектілері жұмыс үстелінде өздерінің графикалық кескіндері арқылы беріледі, оларды пиктограммалар немесе жарлықтар деп атайды.
Пиктограмма - объектінің арнайы кішігірім графикалық түрдегі шағын суреті, таңбаша түріндегі кескіні. Жарлық - объектілерді жылдам іске қосу үшін қолданылатын сілтеме рөлін атқаратын пиктограмма. Оның белгілемесінде ақ түсті оралмалы жебелік бағыттауыш болады.
Windows объектілері екіге жіктеледі:
1) негізгі объектілер - олар программалар, құжаттар, қаптамалар;
2) арнайы объектілер - басқару тақтасы, т. б.
Программа (Windows-та қолданба ұғымы қолданылады) - есеп шығаруға, сондай - ақ берілген мәселені шешуге, құжаттар жасауға арналған объектілер.
Құжат - қолданбалы программа көмегімен өңделетін объект, Windows жүйесінде құжатта мәтіндік, графикалық, дыбыстық және бейнелік ақпараттар болады.
Қаптама ( каталог) - құжаттарды, программаларды, сол

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7 | 8  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: