істіріліп орналасады және программалармен беріледі (ескерту, анықтамалық ақпарат берутерезелері, т. с. с. ).
Қасиеттер беттері - бұл бірнеше қыстырмалы диалог терезелері, бір диалог терезесінде көптеген опцияларды беруге мүмкіндік туғызады. әрбір бетке өту сәйкес қыстырманы түрту арқылы жүзеге асырылады.
Диалог терезелерінде кездесетін негізгі стандартты басқару элементтері:
1) статикалық мәтін - пайдаланушымен өзгертілмейтін мәтін жолы;
2) редакциялау терезесі - мәтін енгізуге және редакциялауға мүмкіндік беретін өріс;
3) батырма - командаларды шақыру, орындау үшін қолданылатын элементтер;
4) таңдау батырмалары - топтарға біріктірілген элементтер, олардың тек қана біреуі таңдалуы мүмкін;
5) ауыстырып қосқыштар - қосылған /қосылмаған (опциялар жалаушалары) жағдайларында болуы мүмкін батырмалар. Олардың кез келген санын қосуға болады;
6) тізім терезесі - құрамындағы бір немесе бірнеше пунктерді тышқанмен таңдауға мүмкіндік беретін тізім.
7) аралас терезе - редакциялау терезесімен біріккен тізім. Тізім батырмасына түрту немесе редакциялау терезесінде теру арқылы қажетті параметр мәнін орнатуға мүмкіндік береді;
8) сызықтық реттегіш - диапазоннан мән орнатуға мүмкіндік береді;
9) инкрементті реттегіш - түрту арқылы өсу немесе кему бағытында диапазоннан мән орнатуға мүмкіндік береді;
10) сызықтық индикатор - экранда түстік жолақты толтыру арқылы орындалудағы үрдістің күйін бейнелейді.
Стандартты терезелердің негізгі элементтері. Мұндай негізгі элементтерге келесілер жатады:
- терезе тақырыбы;
- меню жолы;
- инструменттер (аспаптар) тақтасы;
- терезе шекарасы;
- шиырма сызғыштар;
- жұмыс аумағы;
- жүйелік меню батырмасы;
- басқару батырмалары (үлкейту, жималау, жабу);
- қалып-күй жолы
Страницы: << < 6 | 7 | 8 | 9 > >>