Өсімдіктердің көбеюі - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 219
  • Скачиваний: 11

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көбеюі.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің көбеюі туралы түсініктерін  Өсімдіктердің көбеюінің тек қана тұқымнан емес, басқа да көбею түрлерімен таныстыру. Өсімдіктердің жер астындағы бөліктері арқылы көбеюі түрлерімен таныстыру және өсімдік жайлы жалпы білім - біліктерін қайталау, пысықтау. Оқушыларды тақырыпты өздігінен оқып, түйін сөзді таба білуге машықтандыру. Құрғақ жемістер мен шырынды жемістерді айыра білу. Әр өсімдіктің өзіне тән қасиетін білуге және олардың қандай пайдасы бар екендігін аша келе, табиғатты сүюге, өсімдікті күтуге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте, сөзжұмбақ, картоп, пияз
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, көрнекілік, сұрақ - жауап
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Бүгінгі дүниетану сабағында саяхатқа шығамыз, баратын жерімізді «Сөзжұмбақ» арқылы шешсек:
а) табиғат сәні (өсімдік);
ә) ағаш түрі (тал)
б) бұта түрі (қараған)
в) шөп түрі (бетеге)
г) жапырақтағы жасыл бояу (хлорофил)
ғ) жер бетіндегі өсімдік өсетін борпылдақ қабат (топырақ)
- Картоп қайда өседі?
- Жер астында өсетін тағы қандай өсімдіктерді білесіңдер? (Сәбіз, қызылша т, б)
3. Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: «Өсімдіктердің көбеюі.». Қалай көбейетінін білу үшін саяхатқа аттанамыз.
Жаңа материалды меңгерту
Көбею-----тұқымнан-----пиязшықтан-----түйнектен------сабақтан
дәнді да- -------------- пияз ------------------- картоп -------таушымылдық
қыл, гүл ---------------- сарымсақ-------------- жералмұрт ---- інжугүл
дер ---------------------- қызғалдақ ------------ теңбілгүл ------ құртқашаш
1. Аялдама «Сыйға сый»
Тақтада құрғақ жемістер мен шырынды жемістерді бір жаққа топтастыру.
Құрғақ жемістер: бидай, тары, бұршақ, жаңғақ, жүгері, күнбағыс.
Шырынды жеміс: қияр, қызанақ, қара жидек, қызылша, алма, бүлдірген.
2. Аялдама - «Жер астында»
Оқушы «Жер асты мүшесі» қарсы алады, тапсырма береді:
а) оқулықтың 75 беттегі тақырыпты оқып, тамырсабақ арқылы көбейетін өсімдіктер түрлерін атау (жауқазын, бақша пиязы, қазжау).
3. «Зертхана» аялдамасы
Тамырсабақ арқылы көбейетін өсімдіктерге арамшөптер жатады.
Мысалы: жазда сендер бау - бақшада арамшөптерді жұлсаңдар, бірақ 3 - 4 күннен кейін барсаңдар, сол жерге тағы да шөптер өсіп тұрғанын көресіңдер, өйткені олардың жер астында тамырлары қалып қояды екен.
ә) Картопты алып көзшелерін санайық, ендеше осы әр көзшеден жаңа өсімдік береді екен (кесіп көрсету).
б) Пиязды алып қарау, сыртындағы құрғақ қабыршағы және ішінде бірнеше шырынды қабаты бар (кесіп көрсету).

Дәптермен жұмыс: (36 бет)

1 – тапсырма:

Өсімдіктердің көбею жолдары

2 – тапсырма:

Өсімдіктер жер үстіндегі бөліктерінен де көбейеді

3 – тапсырма: Мысал келтіру
4. «Білгенге маржан» аялдамасы көрініс
Қараторғай:
- Әй мешкейлер! Сендер жарбиып жата бергенге мәзсіңдер! Ештеңе көріп, ештеңе естімейсіңдер. Ал мен болсам, жарық дүниенің жартысын шарлап келдім. Бармаған жерім жоқ: Үндістанды, Африкада, Жерорта теңізінде де болдым.
Картоп: - Сол сөз болып па? Сенен басқалар жер көрмеп пе? Мысалы менің туған жерім - Оңтүстік Америка. Бұдан 500 жыл бұрын испандықтар Оңтүстік Америкаға келіпті. Олар тамақ іздеп жүріп, мені тауып алады, саңырауқұлаққа ұқсайды екен, өзі өте дәмді деп «тартуфоли» деп атап, бір қапшықты толтырып Испанияға ала келеді, одан Италияға, содан Францияға жеттік. Ал Россияға Петр І патшаның тұсында келдік. Сөйтіп, қараторғайым, мен де саяхатшыдай жер жүзін шарладым және тағы да бір қасиетім: бойымда крахмалым бар.
Пияз: - Біле білсеңдер, ертеде әскерлер мені тұмар қылып мойнына таққан, көп қабыршақтарым талай қиындықтардан қорғауға тиіс деп ойлаған. Ертеде Римде бізді әскерлердің тамағына қосып берген. Өйткені олардың күші артады деп ойлаған. Сол кезден бастап бізді дәрі есебінде көптеген ауруларды емдеуге қолданған, әсіресе суық тигенде мені көбірек жесеңдер ауырмайсыңдар.
Сабақты қорыту:
5. Аялдама - «Не білдің?»
Сұрақ жауап арқылы сабақты қорыту. Топқа тапсырма:
І топ (тамырсабақ суретін салу)
ІІ - топ (түйнек арқылы көбею түрін салу).
ІІІ - топ (пиязшық арқылы көбею түрін салу)
Үйге тапсырма: 1. «Тамырсабақ, түйнек, пиязшық» арқылы көбейетін өсімдіктерді атау

2. Мәтінді оқу, мазмұндау

Бағалау.

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: