.
Олардың атқаратын қызметтерімен танысуды тәжірибелік сабақтар құзырына қалдырамыз.
Интерфейстің келесі негізгі элементі - меню және меню жүйесі.
Меню - пайдаланушы таңдап алуға ұсынылатын және экран бетіне шығарылатын, осы сәтте орындала алатын іс -- әрекеттер тізімі. Олар -- команда атаулары, жауап нұсқалары, т. б. Windows меню жүйесін келесі меню түрлері құрайды:
- горизанталь меню (объектілер стандартты терезелерінің меню жолында орналасатын меню бөлімдерінің тізімінен тұрады);
- вертикаль (суырмалы) меню (белгілі бір қасиеттеріне байланысты топтастырылған іс-әрекеттер тізімі, меню пунктін таңдағанда шығады);
- контексті меню (белгіленген ағымдағы объектінің командалар жиынынан тұратын меню, тышқанның оң жақ батырмасын басқанда ашылады);
- жүйелік немесе терезелік меню (Windows жүйесінің стандартты терезелері арқылы орындалатын терезе көлемін өзгертіп, оны үлкейтіп-кішірейтетін негізгі іс -- әрекеттердің тізімі, ол тақырып жолының сол жақ шетінде орналасады );
- Бас меню (Пуск батырмасында орналасқан, ол программалар мен файлдарды жылдам іске қосу, іздеу, анықтама алу, т. б. командалардан тұрады).
ІV. Үй жұмысын тексеру
1. Стандартты терезелердің негізгі элементтері
2. Диалог терезелерінде кездесетін негізгі стандартты басқару элементтері
V. Біліктілікті, икемділікті, дағдылықты бекіту
Үйге тапсырма: Титулдерді безендіру
VI. Оқушылардың алған білімін бақылап, сабаққа араласуын қадағалап, сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.
Страницы: << < 7 | 8 | 9