йнағыш немесе CD-плейер бар, видеодискілер мен видеомагнитофондарды қолдайды, т. б.
- Windows операциялық жүйенің конфигурациясын, сондай-ақ оның негізінде қолданылатын программалар үшін біртұтас ақпараттық қор қолданады, ол - жүйелік реестр(Registry). Бұл мүмкіндік орнатылған программалық жабдықтардың баптауларын операциялық жүйе тұрғысынан басқару үрдісін орталықтандырып және қатаң реттеуді жүзеге асырады.
Windows. Windows операциялық жүйесімен салыстырғанда Windows компьютерге жаңа құрылғылар қоспай-ақ шапшаңырақ жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құралдармен жабдықталған. Ондай мүмкіндіктерге:
- компьютердің сенімділігін арттыратын жаңа шеберлердің, қызметші программалар мен ресурстардың қолданылуы (жүйелік файлдарды тексеру шеберлері, дискіні тексеру автоматты жүзеге асады, архивтеу программаларының кеңейтілген мүмкіндіктері, т. с. с. )
- Интернет шолушысы (Internet Explorer) біраз функцияларды Жұмыс үстелінен атқаруға мүмкіндік береді. Компьютердің барлық мүмкіндіктерін Интернеттің интерактивті мазмұнына қолдана отырып Web-ті қолдануды неғұрлым өнімді етеді.
Windows. Бұл операциялық жүйенің жаңа технологиялық шешімдерінің негізгілері:
- мәліметтерді Kerberos құралдарымен қорғау. Kerberos - Массачусетс технологиялық институтында жасалған мәліметтерді қорғалмаған желілер арқылы берудің аутентификация хаттамасы. Kerberos транзитивті сенімділік қатынастарды қамтамасыз етеді;
- ашық кілттер инфрақұрылымына (PKI) негізделген қорғау құралдарымен жабдықталған. Kerberos сияқты ол да транзакцияның екі қатынасушысына да, шынымен серіктес сол ма, жоқ па екендігін тексеруге мүмкіндік береді, сондай-ақ транзакцияны шифрлеуге болады;
- кіші офистік пайдаланушылар үшін біраз қосымша құралдар береді (сұраныс бойынша қосылу интерфейсі бар маршруттауы
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>