ытталған жүйе. Объектілі-бағытталған программалаудың негізгі өзегі - мәліметтерді программалар басқармайды, керісінше мәліметтер программаларды басқарады. Windows жүйесінің тағы да бір маңызды мінездемесі - онда әртүрлі қолданбалар арасында мәліметтер алмасу технологиясының жүзеге асырылуы, олар:
- мәліметтерді алмасу буфері арқылы беру (Clipboard);
- DDE (Dynamic Data Exchange);
- OLE (Object Linking and Embedding);
Алмасу буфері - мәліметтердің белгілі басқа программаларға немесе компьютер жадының басқа аумағына көшіру кезінде оларды уақытша сақтауға арнайы бөлінген жадтың динамикалық көлемі, яғни мәліметтерді уақытша сақтайтын аралық жад. Мұнда тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен қатар олардың қандай программалық қолданбаға жататыны да сақталады.
Мәліметтерді алмасу Windows программаларының ішінде, сондай-ақ программалар арасында да әмбебап жүйелік процедуралар арқылы жүзеге асады:
- алмасу буферіне копиялау/көшіру үшін Копиялау/Қию командалары қолданылады (немесе кез келген қолданбада ол үшін CTRLINS және SHIFTDEL батырмаларыныңкомбинацияларын басуға болады).
- мәліметтерді алмасу буферінен қажетті орынға қою үшін Кірістіру командасын қолданады (немесе SHIFTINS комбинациясын басу керек);
DDE технологиясы - бір қолданбадан оның орындалу үрдісі кезінде басқа дәл сол мезетте активті қолданбаға қатынасуға мүмкіндік жасайтын жүйелік процедуралардың жинағы.
OLE технологиясы - объектілерді байланыстыру және ендіру. OLE технологиясы бойынша құрамалы құжатпен байланысқан объектілер сол құжат құрамында сақталмай, ондағы сілтеме арқылы ғана түпнұсқадағы объектімен байланысып тұрады. Егер байлыныстағы объект өзгертілсе, құжаттағы оның бейнесі де өзгереді. Құжаттағы сілтемені пайдалану объект орналасқан негізгі программаны іске қосады. O
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>