Шет тилин окытудын психологиясы

Страницы: <<  <  45 | 46 | 47 | 48 | 49  >  >>

ан филиалында 0319, 050119 - "Шетел тілі" мамандығы бойынша дәріс алып отырған студенттер қамтылды. Болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерінде зерттеліп отырған дайындықты қалыптастыру жеткілікті дәрежедегі ұзақ үдеріс. Қалыптастыру экспериментіне аталған педагогикалық жоғары оқу орнының 3-курс студенттері қатыстырылды. Қалыптастыру экспериментіне қатынасқан студенттердің бастапқыдағы жалпы саны -342, соңғы бақылаудағы саны 340 болды.
Жоғары оқу орнының болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен қалыптастыру тәжірибелік - педагогикалық жұмысы негізінен барлық курстарда ұйымдастырылды. "Бақылау" жасау арқылы болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің пәнді оқытуға дайындығын қалыптастырудың деңгейлері анықталды. Жалпы қалыптастыру эксперименті барысында анықтау, яғни бастапқы бақылаудан басқа 3 "бақылау" орындалды.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік дайындығын мақсатты қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін, әрбір бақылаудың мақсатын, міндеттерін белгіледік. Әрбір бақылаудың аралығында қалыптастыруға мүмкін болатын білім мен ептіліктер анықталып, болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығын қалыптастыру деңгейіндегі нәтижелердің өзгеруін анықтау қарастырылды.
Зерттеліп отырған дайындықтың қалыптастырылған деңгейін анықтау, арнайы дайындалған критерийлер және педагогикалық зерттеудің кешенді әдістер көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ зерттеу мәселемізге қатысты сауалнамалар пайдаланылды. Олардың мазмұндары төмендегідей:

- ағылшын тілі оқу пәні бағдарламасының (мазмұнын) құраушыларын атап көрсетіңіз;

- пәннің бағдарламасындағы білімді анықтаушы оқу материалдарын айтып беріңіз;

- теориялық мағлұматтарды оқушылардың жүзеге асыру үшін бағдарлама мазмұнындағы іс-әрекет түрлерінің тіркелуін мысалда

Страницы: <<  <  45 | 46 | 47 | 48 | 49  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: