перимент үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) жүргізілді. Алдымен болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің (студенттердің) оқу пәні бойынша даярлығының бастапқы жай-күйін анықтау мақсатында белгілеуші экспериментін жүргіздік.
Анықтау эксперименті Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Халықтар Достығы университетінде, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жүзеге асырылды. Экспериментке қатысқан студенттердің дайындық деңгейлерінің төмен екендігі анықталды.
Біздер зерттеу жұмысымызда алған бақылау және эксперимент топтарының нәтижелері төмендегідей 1-кесте түзуге мүмкіндік берді. Қалыптастыру экспериментіне 2002/2003, 2003/2004, 2004/2005, 2005/2006 оқу жылдарында бақылау тобына 174, эксперимент тобына 168 студент қатынасты.
Қалыптастырушы эксперимент кезеңінде біздер алдымызға болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерін әдістемелік даярлығын жетілдіру әдістемесін жасауды және оның нәтижелілігін тексеруді, мақұлдауды мақсат етіп қойдық. Алға қойған мақсатқа жетуді біздер төмендегідей міндеттерді шешумен байланыстырдық: болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімінің әдістемелік дайындығын қалыптастыруға мүмкіндік беретін педагогикалық шарттарды тексеру; болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің әдістемелік даярлығын қалыптастыру білімі мен ептіліктерін дербес практикада пайдалануға үйрету.
Тәжірибе жұмысының жоспарын түзуде біздер "Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін (пән бойынша және пәнді оқытуға) даярлаудың болжамды нобайына" сәйкес студенттерде зерттеліп отырған дайындықтың қалыптастырылуына салыстырмалы талдау нәтижесіне сүйендік.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ Түркістан орталығы, Қазақстан Халықтар Достығы университетінде, Қазақ- Ресей университеті Түркіст
Страницы: << < 44 | 45 | 46 | 47 | 48 > >>