Шет тилин окытудын психологиясы

Страницы: <<  <  47 | 48 | 49 | 50 | 51  >  >>

ел тілі" (ағылшын) пәні бағдарламасындағы: "оқушылар мынаны білуге тиіс", "оқушылар мынаны орындауға тиіс" талаптарын қанағаттандырмайтыны анықталды. Бұл өз кезегінде біздің зерттеу жұмысымыздың дұрыс таңдалғанын көрсетті.
3. Педагогикалық технологиялар және инновация жөніндегі зерттеулер негізінде "жаңа педагогикалық технология дегеніміз оқу және тәрбие үдерісін мақсатқа сәйкес жоғары нәтижеге қол жеткізудегі және оқыту мазмұнын, сапалық қасиеттерді әдіс-тәсілдер мен құралдар жүйесін үйлесімді пайдалану (жаңалықты) алгоритмі" - деп білеміз. Жаңа педагогикалық технологиямен болашақ мұғалімдерді даярлау жүйелік тәсіл негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің негізінде зерттеу жұмысымыздың ерекшелігіне сәйкес "Жаңа педагогикалық технологиямен оқытудағы болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығы деп, даярлықтың мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық құраушыларының мектеп оқушыларын шетел тіліне баулуда практикалық бағыттылықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуге білімдері мен іскерліктерінің жиынтығын, оларды практикада қолдана білуімен анықталатын кәсіби мәнді тұлғалық қасиетінің қалыптасуын құрайтын күрделі біртұтас білім" - екенін анықтадық.
4. Жаңа педагогикалық технология негізінде болашақ шет тілі мұғалімдерін кәсіби даярлаудың теориялық негіздері айқындалды.
5. Қазіргі кезде болашақ шет тілі мұғалімдерінің кәсіби даярлығының нобайы, өлшемдері мен көрсеткіштері анықталады.
6. Психологиялық-педагогикалық зерттеу еңбектеріне жасалған талдау болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығын жүзеге асырудың дидактикалық шарттарын белгілеуге мүмкіндік берді. Олар: болашақ пән мұғалімдеріне қазіргі кездегі шетел тілінің практикалық мәнділігін ұғындыру; шетел тілінің мазмұнын

Страницы: <<  <  47 | 48 | 49 | 50 | 51  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: