тел тілін игеруді жеке даралау ұстанымы; шетел тілін игеруде оқушылардың, студенттердің өз бетінше жұмыс жасауын және сөздік ойлау іс-әрекеттерін дамыту ұстанымы; шетел тілін оқытудағы функциональдылық ұстанымы; шетел тілін оқытудағы жаңалықты ұстанымы.
Көптеген әдістемелерде (әсіресе, қашықтықтан оқыту, жоба) көрнекілік ұстанымы пайдаланылады. Жоғарыдағы барлық әдістемені бір ғана тұжырыммен беруге болады. Ол: "Қарым-қатынасқа оқытудың жақсысы - бұл қарым-қатынас".
Жоғарыдағы келтірілген шетел тілін оқыту қазіргі заманғы әдістемесі мен әдістемелік ұстанымдарының салыстырмалы сипаттамасын білу оқытушы үшін қажетті шарт болып табылады. Олар:
- әдістеменің ерекшелік белгілері (жоғарыдағы бес әдістемеге байланысты);
- әдістемелердің ұқсас белгілері;
- әдістемелердің оң және теріс жақтары.
Ұ. Т. Нұрманалиева ғылыми-зерттеу еңбегінде шетел тілі сабағының негізгі құрылымдық бірлігі ретінде мыналарды атап көрсетеді: фонетикалық жаттығу; жаңа тілдік материалмен танысу; жаттықтыру; сөз тәжірибесі; сабақты қорыту.
Болашақ шетел тілі, оның ішінде ағылшын тілі мұғалімі пәнді мектепте оқытуда төмендегідей: аспектті (тіл үш аспектіге бөлінеді: лексика, грамматика, фонетика, олар жеке жеке зерделенуі тиіс); құрылымдық (машықтану жаттығуларын көптеп орындау); трансформациялық; аспектті-құрылымдық; құрылымдық-функционалдылық; тақырыптық-ситуациялық (лексикалық); сюжетті-ситуацялық; сюжеттік; тәсілдерді игеруі тиіс.
Бұл тәсілдерді жоғары оқу орындарында болашақ шетел тілі мұғалімі пәнді оқу барысында толық меңгеруі тиіс. Алдымен студент өзінің даярлығын қалыптастырады, содан кейін әдістемелік модуль бойынша пәнді оқытудың әдістемелік даярлығын меңгереді.
Осы тәсілдерді студенттер практика кезінде қолдануға тапсырма
Страницы: << < 42 | 43 | 44 | 45 | 46 > >>