ыл бұрын қоныстанған, жершарының ежелден келе жатқан тіршілік иелері. Олардың ең басты ерекшелігі - олардың өрмек жібегін өндіруге қабілеттілігі.
Өрмек, өрмек бездерінен бөлінетін, жіңішке жіпше болып созылуға қабілетті, ауада тез қататын сұйық түзіліс. Өрмек құрылысы жағынан жібек құртының жібегіне жақын. Негізгі құрамы суда ерімейтін, өте берік фибрионнан тұрады.
Өрмекші өзінің өрмегін әртүрлі мақсатта қолданады. Олар өрмектен жұмыртқаларына пілде жасайды, қыстап шығу үшін баспана жасайды, секіру кезінде "сақтандыру жібі" ретінде қолданады, жемтігін ұстау үшін түрлі аулар тоқып, ұсталған жемтігін орап тастайды. Жұптасуға дайын аналық феромонмен белгіленген өрмек жібін шығарады, осының арқасында аталық осы жіппен қозғалып аналық жұбын дәл табады. Кейбір түрлердің жас өрмекшілері аналық ұядан жел арқылы ұзын жіппен ұшып кетеді.
Өрмек жібегі өрмекшінің құрсағының артқы жағында орналасқан ерекше бездерден шығарылады. Әдетте өрмекшіде бірден төрт жұпқа дейін бездер болады. Өрмек тоқу оңай жұмыс емес, жемтігін ұстайтын ауды құру үшін жарты сағаттай уақыт кетеді.
Өрмек өрмекші денесінің артқы бөлігінде жасалады. Артқы аяқтарымен арнайы мүшеден шығарылған жіпті тартады. Өрмек бетіндегі жабысқақ тамшылар шын мәнінде осындай жіпшелердің оралымы. Керек кезінде олар тарқатылып өрмек оңай созылады.
Өрмек жібегінің құрылымы жүздеген миллион жыл эволюция барысында мінсіз қалыптасқан. Бұл табиғи материал өзінде екі қасиетті үйлестіреді - беріктік және созылмалылық. Өрмектен тоқылған ау барлық жылдамдықта ұшып келе жатқан жәндікті тоқтатуға қабілетті. Өрмекшілердің жемтігін ұстайтын ауын тоқитын жіп адам шашынан жіңішке, ал беріктігі жағынан құрыштан бір саты жоғары. Егер өрмек жібін, сондай жіңішкеліктегі құрыштан жасалған сыммен салыстырсақ екеуі б
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 | 7 > >>