шінді, өте берік жіптен тоқылған. Осындай кішкене шебердің өрнекті тоқуы таңқалдырады. Өзі өрмектің тең ортасында отырады, немесе өрмектің шетінде аңдуда отырады. Аяқтары хабарлаушы жіппен байлнысқан, қажет кезінде ауға түскен жәндіктер жайында хабар береді. Шаршылы өрмекшінің аяқтарында иіс сезу мүшесі орналасқан, ол ауға қандай жәндік түскенін анықтауға мүмкіндік береді. Өрмекші жай жіптермен жемтігіне жақындап олжаланған жәндігінің денесіне нәруызды ыдырататын бауыр мен сілекей сөліні енгізеді. Жемтігін өрмекпен орап, қалтарысқа апарып қорға жинап қояды. Егер аш болса сол жерде жейді, дәлірек айтқанда ол оның қоймалжың сұйықтыққа айналған ішкі құрылысын жұтқыншағымен сорып алады. Тамақтың денеден тысқары қоймалжың күйге ауысып қорытылуы астың ішектен тыс қорытылуы деп аталады. Тәбеті өте күшті, бір күнде өз салмағына тең қоректі жейді. Шаршылы өрмекші үнемі жемтік аулаумен болады, демалғанда да ауынан алыс кетпейді, бірақ хабар беретін жібі үнемі аяқғымен байланысқан.
Өрмекшілер өздерінің жемтіктерінен, көбінесе жәндіктерден, сорып алатын сұйық ұлпалармен қоректенеді. Өрмекшілердің асқорыту жүйесі арнайы сорғыш қарыннан, өсінділері бар қарыннан және ішектен, ас қорыту безінен ("бауыр"), денесінің соңында ашылатын аналь тесігінен тұрады.
Қантарату жүйесі ашық. Ол жүректен, артериядан, венадан және түссіз қанмен (гемолимфамен) шайылатын мүшелер арасындағы кеңістіктен (синустардан) тұрады. Жүрек - ол тесіктері бар соғып тұратын түтікше, арқа бойымен созылып жатады. Басқа жәндіктермен салыстырғанда жүрегі камераларға бөлінбеген.
Өрмекшілер ауамен тыныс алады. Тынысалу мүшелері демтүтік мен өкпе қапшығы деп аталатын - өкпе. Әр осындай кітапша қапшықтан тұрады, қапшықтың бір қабырғасы жапрақша тәрізді кітап беттеріне ұқсас қатпарлардан тұрады. Мұнд
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>